---
title: "АНА ҮЙІ"
description: "- Қазақстанда күйіп тұрған мәселені көтеріпсіздер. Шынымды айтсам, сынап келіп едім, ой түйіп кетіп ..."
author: "Naza01"
published: "2018-12-11T08:52:38+00:00"
modified: "2018-12-11T08:52:38+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/ana-yi-821518"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/ana-yi-821518/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# АНА ҮЙІ

> - Қазақстанда күйіп тұрған мәселені көтеріпсіздер. Шынымды айтсам, сынап келіп едім, ой түйіп кетіп ...

- Қазақстанда күйіп тұрған мәселені көтеріпсіздер. Шынымды айтсам, сынап келіп едім, ой түйіп кетіп бара жатырмын. Танысқаныма бек қуаныштымын. Енді біз сіздерді қонаққа шақырайық. Жүздесіп, сұқбат құрайық. Келіңіздер, анаүйінен махаббаттың «жемісін» өз көздеріңізбен көріңіздер, - деді. Содан, екі жігіт айтылған мекен-жайға, айтылған уақытына жетіп бардық. Барсақ бір психолог пен бір заңгер де келіпті. Координатор апайымыз оларды таныстырып жатыр. Заңгер жиі келіп, аналарға заңдық құқықтарын үйретіп отырады екен. ҚызПУ-нің психологы бізді сырттай танитын боп шықты. Сары кітаптарды студент қыздарының қолынан көріп, оқып шыққан. Аман-саулықтан соң әңгіме басталды да кетті. Майра апай:
- Жігіттер, міне «ана үйі» деген осы.

- Негізі, «ана үйіне» қанша жастан бастап қабылдайды?

- 13 жастан.

- Он үүүүүш?

- Ия. 13 жастағы қыздар да болды. Негізі, ана үйінің 15 пайызын мектеп жасындағы оқушылар құрайды. Жалпы 90 пайызы студенттер. Былайша айтқанда, жастық желікпен ойнап-күліп опық жеп, сосын барар жер, басар тауы жоқ болған соң келеді. Арасында енесімен жараспай ажырасып, яки күйеуінен таяқ жеп келгендер де бар. - «Ана үйін» қалай тауып келеді? Көбінесе интернеттен. Құрбы-құрдас, таныстарынан естиді. Сосын біз роддом, полиция, түрлі ерікті топтармен байланысып тұрамыз. Олар күндіз болсын, түн болсын қарамайды. Бізге хабарласады. Мынадай бір жағдай болған. Түннің бір уағында телефоным шырылдайды. Көтерсем «Интернеттен тауып алып, сіздерге келдік. Есіктің алдында тұрмыз, ашыңыздар» дейді. Апыл-ғұпыл орнымнан тұрып, күзетшіге қақпаны ашқызып қалсам, бір дәу қара джип тұр. «Мынауысы несі?» деп қоямын. Сөйтсем, Әл-Фарабидің бойында сәбиін құшақтап бір қыз көпірден секірейін деп тұрған жерінен мына джиптің иесі көріп қалып, аман алып қалады. Содан оларды тамақтандырып, бөпесіне азын-аулақ анау-мынауын әперіп мұнда келіп тұрған беті екен.

- Құдай сақатаған екен. Неге ол өзіне қол салмақшы болған?

- Қайтеді енді? Сәбилі болған соң, қуанып жігітіне хабарласпай ма? Ол баладан бас тартқан. Менен емес деген. Басқа біреуден тауып алғансың деген. Әңгімесі көп оның. Сосын, өмірден түңілген қыз сәбиін тірі жетім қылмай, бар азап-қорлықтан өліп құтыл...- деді де, ары қарай сөйлей алмай тұтығып қалды. Жүзін бұрып, көзінің жасын жасырып қалды. Бір жайсыз көңіл-күй еңсемізді езіп жібергендей болды. Үнсіз қалдық. Сосын мен үнсіздікті бөліп:
- Сонда өз баласын мойындамай, бас тарта ма?

- Жалпы солай. Осы үйдегі көп аналардың басындағы жағдай ғой. Көбісінің әкелері баласынан бас тартады. Менікі емес деп мойындамайды. Біреуі үйленуге дайын емеспін дейді. Біреуінің әке-шешесі қарсы. Енді бірі баланы алдырып таста дейді. Қайта «Ана үйіне» келіп отырған аналар – аборт жасатпай, күресуге бел байлағандар. Ал, былай Құдай біледі қаншасы аборт жасатып жатыр. Бұл мәселеде мемлекеттің өзі шарасыз. Бар тапқан тығырықтан шығар жолы анау: 16 жастан бастап анасының рұқсатынсыз абортқа заңды түрде рұқсат ету, мектеп оқушыларына презерватив тарату.

- Ия. Ойланатын жағдай. Біз де ұл-қыз өсіріп отырмыз. Ертең олар да осындай күйге түспейді деп ешкім кепілдік бере алмайды. Қазақстанда аборттың көрсеткіші өте жоғары. Ең қауіпті тенденция – жасөсіпірімдер арасындағы аборттың көбейгені. Жалпы, ана үйіндегі қыздарға қоғам қалай қарайды?

- Әр түрлі. Көбісі – үйіне ұят қонбаған тәрбиесіз қыздың өзі кінәлі. Бұтына еге болсын дейді. Біреулер – бар кінә оңбаған жігіттерде. Қыздардың тағдырымен ойнайды. Жауапкершілік жоқ дейді. Психологтан сұрасаң: қазақта төсек мәдениеті жоқ, сол үшін жастардың сексуалды сауатын ашу керек деп жатады. Енді бірі – бәріне қоғам кінәлі деп қояды.

- Жалпы, сіздерге қысым жасайтын кездер бола ма?

- Кей кезде қысым жасайды. Жеңіл жүрісті қыздарды ұстау үшін өтірік «ана үйі» деп алдап отырсыңдар. Сендердікі барып тұрған алаяқтық, ақша жасау дейді. Сектантсыңдар -деген соң, қоя берсеңізші.

- Неге?

- Ол былай ғой. Атын атап, түсін түстемейін. Мұнда келген кей ананың күйеулері атақты адамдардың, қоғамда сыйлы кіслердің немесе шенеуніктердің ұлдары. Қызметін пайдаланып қысым жасайды. Құдайшылығын айту керек, олармен түсінісуге болады. Ең қиыны оқымаған жігіттер. Әйелдеріне уатсаптан небір бәлені жазып қорқытады. Бізге бір ана келді. Күйеуі аямай соққының астына алыпты. Ауруханадан бір-ақ шыққан. Қабырғасы сынған. Емделіп болған соң, қайта баруға жүрексінеді. Төркініне де бара алмаған. Сол ананың енесіне телефон соқтым. Ол кісі: «Қайтар ана қатынды. Байынан кім таяқ жемей жүр» дейді. Мұндай сөздерді күнде естіп жүрміз.

- Расында оңай емес екен. Жалпы, бұл үйге ешкім жетіскеннен келмейді. Олармен сөйлесу, жұмыс істеу қиындық тудырмай ма?

- Әрине. Адам сондай нәзік, сондай қағілез. Кенеттен тиген жай соққы өмірге мағына беріп тұрған қазына байлығыңды ұшырып әкетеді емес пе. Кей аналар болады, әсіресе, жас өрімдей қаракөздер. Олар қауқарсыз пенденің кебін кигендей. Олар үшін өмір сондай суық, немқұрайлы һәм қатігез дерсің. Олардың бақытына табиғаттың өзі қуанбайды, күн жадырап күлмейтін сынды. Байқамасаң быламыққа да тіс сынады. Ондай кезде олармен абайлап сөйлесеміз. Дұрысы, ана үйіне келген бойда жайына қалдырасың. Оңаша отырып өзінен есеп алуына, алды-артын бағамдауына мүмкіндік бересің. Дел-құлы күйде кіріп-шығып, бөпесін емізіп, тамақтанып жүреді. «Бәріне уақыт емші» демей ме? Бірнеше күн өтіп, өзіне келген соң барып сөйлесеміз. Сыр ақтарамыз. Моральдық-психологиялық көмек береміз. Заңдық құқықтарын үйретеміз. - «Ана үйінде» қанша уақыт паналай алады?

- Басында «ана үйін» паналау 1.5 жыл еді. Кейін 1 жыл болды. Қазір алты ай. Жалпы, алты ай бойы ешкім жата бермейді. Бұл уақыттан ұту үшін берілген. Яғни осы уақыт ішінде анасы баласына бауыр басып үлгереді. Біздің бар мақсат-мұратымыз да осы. Баланы анасына қосу. Кредо – жетімдікке жол берме! Міне, «Ана үйінің» құрылғанына бес жыл толды. 19 қалада 25 ана үйі бар. Үш мыңнан астам ананы қабылдаппыз. Бұл үш мың баланың жетім болуына жол бермедік деген сөз. Айта берсең әңгімесі көп. Қиыншылығы мен қызығы қатар жүретін жер ғой – бұл үй. Қаншама қыздарды күйеуіне қайта қостық. Теңін тапқан талай қызды осы құтты шаңырақтан ұзатып жібердік. Айтпақшы, мына кітаптың атын естігенде жаман жыным келді, - дегенде бәріміз күліп жібердік. Күлкімді тыя алмай:
- Неге? – деп сұрадым.

- Қайдағы махаббат? Қайдағы мән? Қиялданып кітап жаза бермей, бірінші «ана үйі» мен детдомды көрші! Міне саған «махаббаттың мәні»! Міне саған «махаббаттың нәтижесі»! Қаншама аналар махаббаттың «кесірінен» сорлап отыр. Ана кішкентай сәбилердің не жазығы бар! Жазғыш болсаңдар, осыны жазыңдар!» деп айтып-айтып тастағым келген. Осылай айтамын деп те бардым ғой. Бірақ, презентациядан кейін осы ойымнан жаман ұялып қалдым. Сөйтесем бұл кәдімгідей мен ойлағаннан серьезный мәселе екен. Сол үшін де сіздерді шақырдым. Негізі, кітапты оқып түсініп жатырмын. Өмірде түрлі жағдай болады. Махаббатың жетегінде жүріп те трагедияға ұрынады. Адам болған соң басқа түскен тауқыметтің мәнін түсінгісі келеді. Сондықтан арнайы ресми кездесу емес, байырғы қазақтар сияқты дастарқан басында емін-еркін, ашық-жарқын сұқбат құрайық. Жүріңіздер залға. Сонда барып отырайық. Тамақ та пісіп қалды, - деп бізді залға алып кіріп, төрге отырғызып қойды. Аналарды шақырды. Біз барғанда сегіз ана жүрген. Бірнешеуі қолына кішкентай бөпесін алып бірге отырды. Смеспен сүт беріп отыр. Майра апай анасындай болып кетіпті. Қыздарым-балапандарым деп қояды.

- Мынаның бәрін қыздар өздері пісірген. Алдыңыздағы салаттың бәрі осы үйдің бақшасынан.

- Өздеріңіз егесіздер ме?

- Ия да. Малдың қиынан нәр алған. Дәрісі жоқ. Неше түрлі таланты қыздар бар. Он саусағынан өнер тамған. Меценаттар тігін мәшинесін әперіп қойған. Киім тігеді, перде тігеді. Қолдан келгенше оларға жұмыс тауып береміз. Қоғамға осылай тез сіңісіп кетуін қадағалаймыз.

![АНА ҮЙІ](https://storage.yvision.kz/images/user/403044/b96a25ec6ca995aa82aeacf91535a2.jpg)

![АНА ҮЙІ](https://storage.yvision.kz/images/user/403044/cdedfd46ffd03b48e9c3c3a4c4c3c5.jpg)

- Жақсы жүйеге қойылған екен.

- Ал, ыстық шәй келді, тамақтан алыңдар, - деп құдалардан бетер сыйлап күтіп отыр.

- Мына заманда адаммен аңдыспай, ішке қулық сақтамай ақжарқын хәлде әдемі әңгіме құру мұңға айналды. Сондықтан емін-еркін адамша құрғанға не жетсін! – деді жымиып. Мен:
- Бірден айтайық. Жалпы, болашақта сіздер сияқты аналардың саны артпаса, азаймайды. Бірақ, оң босағада отырып бала тауып қалған сіздерді де, сіздерді осындай күйге салған қазақ жігіттерін де айыптамаймыз. Себебі, Виктор Франкл айтқандай «Моральдық таным ескірді. ХХІ ғасырда оны онтологиялық таным ауыстырады». Сондықтан, құрғақ мораль оқымаймыз. Тұйыққа тірелген сіздерге ағыл-тегіл ақыл айтып, көнбістікке, мағынасыз сабырға да шақырмаймыз. Адам деген кім? Табиғаты қандай? Пенденің Адам болуы немесе бордай тозуы неге байланысты? Махаббаттың мәні не? Тәңір бұл сезімді адамға қандай хикметпен сыйлады? ХХІ ғасырда махаббатқа орын қалды ма? Махаббаттың жетегінде жүріп адам не үшін трагедияға ұрынады? Осы сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбітсек бүгінгі кездесу пайдалы болады деп ойлаймыз.

![АНА ҮЙІ](https://storage.yvision.kz/images/user/403044/5d1fd715b7dd534b5726ce56ae7854.jpg)

Содан не керек, әңгімені әріден бастап кеттік. Бағдат Құдияр «Отбасы хресоматиясы» сериясымен шыққан кітаптарды шетінен ықыласпен баяндап шықты. Сосын кезек логотерапияға келді. Адамның рухани болмысын, экзистенциялық феномендерін, махаббаттың түп негізін тәңірлік табиғатынан тарқаттық. Қоғамдағы проблемалардың түпкі табиғатына үңілуге тырыстық. НЕГІЗ бен СЕБЕПТІ түсіндірдік. Жүректің балзамы деп қисса-хикаяны да қостық. Миғраж оқиғасын айтқанда, тіпті жүздері жадырап, дидары күлім қағады. Бейне бір жетінші қаттың хақ сыпырасында отырғандай. Қайтар кезде «ана үйіне» бірнеше кітаптарымызды сыйға тарттық. Олар кітапты ашып, шұрқырасып, мәре-сәре боп қалды. Уақыт та болып қалды. Кетуге рұқсат сұрадық. Кетіп бара жатқанда бір ана оңаша:
- Өзімді бір қарғыс қамытын киіп алғандай сезінуші едім. Сіздердің әңгімеңізден кейін өмірге деген құштарлығым қайта оянды. Көп рақмет, - деді. Ішімнен «Еее пандетерменист біреуге ұрынып қалған екен ғой» деп ойладым. Олар қимай шығарып салды. Шыққан соң Бәкең маған:
- Сейілбек, маған қандай ой келді айтайын ба?

- Ия, қандай ой?

- Сосын, «отбасы хрестоматиясы» нендей шарулар атқару керегін айтайын ба?

- Ия, айта беріңіз - .....

Бізге қандай ой келді, не істеу керек? Ол жайлы келесі жолы жазамын

![АНА ҮЙІ](https://storage.yvision.kz/images/user/403044/0d9f3f51aa9ce0e86baab095ce14b5.jpg)

P.S. 25 қараша – Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюға арналған халықаралық күрес күнін БҰҰ Бас ассамблеясы 1999 жылы белгілеп, ресми түрде жариялады. Сол күннен бастап, әлемнің әртүрлі елдерінде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне назар аудартуға бағытталған «16 күн белсенді күн» атап өтіледі. 25 қарашадан 10 желтоқсанға дейінгі жыл сайын кампания Қазақстанда да өткізіледі. «Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күннің» түсін сары қылып таңдапты. 📷:)

Сейілбек Мырзабай

---

Source: [https://yvision.kz/post/ana-yi-821518](https://yvision.kz/post/ana-yi-821518)