---
title: "Ана мен бала"
description: "Ана мен бала 1 жасыңызда сізді қолына алып тамақтандырды және жуындырды. Түні бойы жылаумен оны ұйық..."
author: "Takentiy"
published: "2015-02-20T09:17:00+00:00"
modified: "2015-02-20T09:17:11+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/ana-men-bala-471325"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/ana-men-bala-471325/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ана мен бала

> Ана мен бала 1 жасыңызда сізді қолына алып тамақтандырды және жуындырды. Түні бойы жылаумен оны ұйық...

**Ана мен бала**

**1** **жасыңызда** сізді қолына алып тамақтандырды және жуындырды. Түні бойы жылаумен оны ұйықтатпай алғыс айттыңыз.

**2** **жасыңызда** сізге жүруді үйретті. Сізді қасына шақырғанда, бөлмеден қаша алғыс айттыңыз.

**3** **жасыңызда** ықылас толы сізге тағам дайындады. Табағыңызды үстелдің үстіне төңкере алғыс айттыңыз.

**4** **жасыңызда** қолыңызға түрлі-түсті қаламдар ұстатып жіберді. Үйдің бүкіл қабырғасына сурет сала алғыс айттыңыз.

**5** **жасыңызда** сізді әдемі киімдермен безендіріп киіндірді. Кездескен ең бірінші балшыққа атыла алғыс айттыңыз.

**6** **жасыңызда** сізді оқуға өзі алып барды. Көшелерде “БАРМААААЙМ” деп жылай алғыс айттыңыз.

**7** **жасыңызда** сізге бір доп сыйлыққа берді. Көршінің терезесін сындыра алғыс айттыңыз.

**9** **жасыңызда** сізге пианино мұғалімін тауып берді. Ноталарды бір күн болса да қарамай алғыс айттыңыз.

**10** **жасыңызда** туған күн кештерінен бастап би дәрістеріне дейінгі түрлі жерлерге сізді өз көлігімен алып барып жүрді. Көліктен шыға, артыңызға бір де бұрылмай алғыс айттыңыз.

**11** **жасыңызда** сізді досыңызбен бірге киноға алып барды. “Сен бізбен отырма” деп алғыс айттыңыз.

**12 жасыңызда** сіздің пайдасыз теледидар бағдарламаларын қарағаныңызды қаламады. Ол үйде болмаған кезде кез келгенін қарап алғыс айттыңыз.

**15 жасыңызда** сізді шетелдегі жаздық лагерьге жіберді. Бір де бір хат жазбай алғыс айттыңыз.

**17 жасыңызда** досыңызбен кешкі жиын тойға баруыңызға рұқсат берді. Бір телефон шалмастан үйге тек таңға жақын келумен алғыс айттыңыз.

**19 жасыңызда** оқу шығындарыңызды өтеді, сізді көлігімен оқу орныңызға жеткізді. Достарыңыз мазақ қылмасын деп, алыстан қоштаса алғыс айттыңыз.

**21 жасыңызда** болашақ жұмысыңыз және мансабыңызға қатысты сізге пікірін білдіргісі келді. “Мен сен сияқты болмаймын” деп алғыс айттыңыз.

**22 жасыңызда** университет бітіру кешінде түріңізге қарап мақтан тұтты. Европа елдеріне саяхатыңыз үшін ақша сұрай алғыс айттыңыз.

**24 жасыңызда** ұзақ мезгілден дос болып келе жатқан жолдасыңызбен танысқысы келді. “Уақытын өзім білем” деп алғыс айттыңыз.

**25 жасыңызда** үйлену тойыңыздың шығынын көтерді, сіз үшін бақытты да болды, уайымдады да. Сіз дүниенің басқа шетіне қоныс аудара алғыс айттыңыз.

**30 жасыңызда** нәресте бағу хақында сізге кеңесін бергісі келді. “Бұл ескі әдістеріңді тасташы” деп алғыс айттыңыз.

**40 жасыңызда** сізге телефон шалып, бір туысқаныңыздың туған күнін есіңізге салды. “Мама, жұмысым басымнан асады” деп алғыс айттыңыз.

**50 жасыңызда** ол қатты науқастанды, демалыста оны көруге келгеніңізде қатты қуанды. Оған “қарттар бала сияқты ерке болады екен” деп алғыс айттыңыз.

**Сөйтіп жүргенде бір күні...** ол қайтыс болды. Сол күнге дейін ол үшін жасамаған қандай нәрсе болмасын, сол сәтте барлығы ауыр жүк болып, жүрегіңізге найзағай тигендей із қалдырды...

---

Source: [https://yvision.kz/post/ana-men-bala-471325](https://yvision.kz/post/ana-men-bala-471325)