---
title: "«Алтынсарин – барлық дәуірдің ұстазы» (әдеби мозаика)"
description: "Ыбырай Алтынсарин – қазақтың ұлы ағартушысы, педагог және жазушы. Оның шығармалары жастарды білімге, еңбекке және адамгершілікке тәрбие..."
author: "altynsaryn_obzhk_qst"
published: "2026-03-12T10:58:30+00:00"
modified: "2026-03-12T10:58:30+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/altynsarin-barlyk-dauirdin-ustazy-adebi-mozaika-1020307"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/altynsarin-barlyk-dauirdin-ustazy-adebi-mozaika-1020307/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Алтынсарин – барлық дәуірдің ұстазы» (әдеби мозаика)

> Ыбырай Алтынсарин – қазақтың ұлы ағартушысы, педагог және жазушы. Оның шығармалары жастарды білімге, еңбекке және адамгершілікке тәрбие...

Ыбырай Алтынсарин – қазақтың ұлы ағартушысы, педагог және жазушы. Оның шығармалары жастарды білімге, еңбекке және адамгершілікке тәрбиелейді.Осыған орай 7-сынып оқушылары арасында «Алтынсарин – барлық дәуірдің ұстазы» атты әдеби мозаика өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, білімге деген қызығушылықтарын арттыру.Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды: «Кім жылдам?», «Өлеңді жалғастыр», «Мақалды жалғастыр», «Сөзден сөйлем құра», «Сөзді тап», «Артық сөзді тап». Тапсырмалар барысында оқушылар білімдерін көрсетіп, өлеңдерді мәнерлеп оқып, мақалдарды жалғастырып, сөздерден сөйлем құрастырды.Іс-шара өте қызықты әрі танымдық өтті. Оқушылар белсенді қатысып, ұлы ағартушының еңбектерінің маңызын тереңірек түсінді. ![](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/843c50814b08e9315703996a13f171a5.jpg?width=1439&height=1004) ![](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/d7118b3a723afd009b38f54b139ed12c.jpg?width=1440&height=1022)

---

Source: [https://yvision.kz/post/altynsarin-barlyk-dauirdin-ustazy-adebi-mozaika-1020307](https://yvision.kz/post/altynsarin-barlyk-dauirdin-ustazy-adebi-mozaika-1020307)