---
title: "Алматыда көпқабатты үйде болған өрт кезінде 17 адам қауіпсіз жерге шығарылды"
description: "Алматының өрт сөндірушілері 17 адамды құтқарып эвакуациялады. 20 ақпанда сағат 01.53-те Бостандық ауданында Өтепов көшесі бойындағы 13 қабатты тұрғын үйдің екінші қа"
author: "jan.123"
published: "2024-02-20T06:01:20+00:00"
modified: "2024-02-20T06:01:20+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/almatyda-k-p-abatty-yde-bol-an-rt-kezinde-17-adam-auipsiz-zherge-shy-aryldy-1001352"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/almatyda-k-p-abatty-yde-bol-an-rt-kezinde-17-adam-auipsiz-zherge-shy-aryldy-1001352/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыда көпқабатты үйде болған өрт кезінде 17 адам қауіпсіз жерге шығарылды

> Алматының өрт сөндірушілері 17 адамды құтқарып эвакуациялады. 20 ақпанда сағат 01.53-те Бостандық ауданында Өтепов көшесі бойындағы 13 қабатты тұрғын үйдің екінші қа

*Алматының өрт сөндірушілері 17 адамды құтқарып эвакуациялады.* 20 ақпанда сағат 01.53-те Бостандық ауданында Өтепов көшесі бойындағы 13 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде шыққан өртті сөндіруге кірісті. Өрт сөндірушілер құтқару қалпақтарының көмегімен 2 адамды құтқарып, 15 адамды эвакуациялады. Сағат 02.39-да өрт сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қабылданған шаралардың арқасында көрші пәтерлер аман қалды. ТЖД жеке құрамынан 35 адам мен 11 бірлік техника, қаланың шұғыл іс-қимыл қызметтері жұмылдырылды.

---

Source: [https://yvision.kz/post/almatyda-k-p-abatty-yde-bol-an-rt-kezinde-17-adam-auipsiz-zherge-shy-aryldy-1001352](https://yvision.kz/post/almatyda-k-p-abatty-yde-bol-an-rt-kezinde-17-adam-auipsiz-zherge-shy-aryldy-1001352)