---
title: "АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ «ANTIKOR ОRTALYǴY» АЛАҢЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ"
description: "«ANTIKOR ОRTALYǴY» алаңында а.ж. 6 сәуірде Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыс..."
author: "anticorruptionAO"
published: "2022-04-06T11:47:14+00:00"
modified: "2022-04-06T11:47:14+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/almaty-oblysyny-antikor-ortaly-y-ala-ynda-ashy-esik-k-ni-tti-964234"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/almaty-oblysyny-antikor-ortaly-y-ala-ynda-ashy-esik-k-ni-tti-964234/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ «ANTIKOR ОRTALYǴY» АЛАҢЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

> «ANTIKOR ОRTALYǴY» алаңында а.ж. 6 сәуірде Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыс...

«ANTIKOR ОRTALYǴY» алаңында а.ж. 6 сәуірде Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыс тұрғындары мен қонақтары үшін Ашық есік күнін өткізді.

![АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ «ANTIKOR ОRTALYǴY» АЛАҢЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ](https://storage.yvision.kz/images/user/457637/66b429c175c19cc75922945ff3f9b8.jpg)

Іс-шараға жоғары Жетісу университетінің студенттеріде қатысты. Жоғары оқу орны студенттерісыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыттарымен, құқық қорғау қызметіне жұмысқа орналасу жайлы ақпараттармен танысты.

![АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ «ANTIKOR ОRTALYǴY» АЛАҢЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ](https://storage.yvision.kz/images/user/457637/75ff44f93af8a64c63f2f28163cc4b.jpg)

Білімгерлер үшін «ANTIKOR ОRTALYǴY» шолу экскурсиясы барысында процессуалдық офицер А.Т.Изгуттиева азаматтардың өтініштерін қабылдау және қарау тәртібін түсіндірді.

![АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ «ANTIKOR ОRTALYǴY» АЛАҢЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ](https://storage.yvision.kz/images/user/457637/e63feda7bc46930ceeeb7f69f891f0.jpg)

Өз кезегінде, Департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев «ANTIKOR ОRTALYǴY» азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында оларды кедергісіз қабылдау үшін ашық алаң болып табылатынын атап өтті.

![АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ «ANTIKOR ОRTALYǴY» АЛАҢЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ](https://storage.yvision.kz/images/user/457637/70736a316421e6ab6d1f4f8f25e89a.jpg)

Спикердің айтуынша, мұндай іс-шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің имиджін арттыруға, сондай-ақ жас, сауатты және мақсатты мамандарды тартуға бағытталған.

---

Source: [https://yvision.kz/post/almaty-oblysyny-antikor-ortaly-y-ala-ynda-ashy-esik-k-ni-tti-964234](https://yvision.kz/post/almaty-oblysyny-antikor-ortaly-y-ala-ynda-ashy-esik-k-ni-tti-964234)