---
title: "«Алматинские бани» премиум кешені ашылды: дәстүрлі бу моншасы мен заманауи SPA кеңістігі"
description: "Жақында Алматыда «Алматинские бани» атты жаңа премиум монша кешенінің ашылу салтанаты өтті. Заманауи демалыс орны дәстүрлі монша мәдени..."
author: "Nazym93"
published: "2026-11-03T15:47:42+00:00"
modified: "2026-11-03T15:47:42+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/almatinskie-bani-premium-kesheni-ashyldy-dasturli-bu-monshasy-men-zamanaui-spa-kenistigi-1022403"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/almatinskie-bani-premium-kesheni-ashyldy-dasturli-bu-monshasy-men-zamanaui-spa-kenistigi-1022403/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Алматинские бани» премиум кешені ашылды: дәстүрлі бу моншасы мен заманауи SPA кеңістігі

> Жақында Алматыда «Алматинские бани» атты жаңа премиум монша кешенінің ашылу салтанаты өтті. Заманауи демалыс орны дәстүрлі монша мәдени...

Жақында Алматыда «Алматинские бани» атты жаңа премиум монша кешенінің ашылу салтанаты өтті. Заманауи демалыс орны дәстүрлі монша мәдениетін, SPA қызметтерін және жайлы тынығуға арналған бірнеше кеңістікті бір жерге біріктірген.

![«Алматинские бани» премиум кешені ашылды: дәстүрлі бу моншасы мен заманауи SPA кеңістігі](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/f5adfb416a38d200dcefebd555503c95.webp?width=921&height=1024)

Төле би көшесі, 207/1 мекенжайында орналасқан кешен қала тұрғындары мен қонақтарына демалыстың жаңа форматын ұсынады. Мұнда келушілер тек буға түсіп қана қоймай, күнделікті күйбең тіршіліктен бір сәт алыстап, денесі мен жанын тынықтыра алады.Кешеннің инфрақұрылымына орыс моншасы, хаммам және буға түсуге арналған бірнеше аймақ кіреді. Сонымен қатар қонақтарға әртүрлі монша рәсімдері ұсынылады.Кешеннің ерекшеліктерінің бірі — ғимарат ішінде және ашық аспан астында орналасқан джакузилер. Бұл келушілерге су процедураларын таза ауадағы демалыспен ұштастыруға мүмкіндік береді.

![«Алматинские бани» премиум кешені ашылды: дәстүрлі бу моншасы мен заманауи SPA кеңістігі](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/bdc1195427e3947b53f6be478f6d37ee.webp?width=921&height=1024)

Мұнда SPA аймағы мен шөптің табиғи хош иісі сіңген арнайы тынығу бөлмесі де қарастырылған. Ал әр сағат сайын ұйымдастырылатын монша шоуы қонақтарға буға түсу мәдениеті мен арнайы рәсімдердің ерекшеліктерін тамашалауға мүмкіндік береді.Демалысты мейрамханада жалғастыруға болады. Осылайша, кешен монша, SPA және гастрономиялық демалысты бір кеңістікте тоғыстырған.«Алматинские бани» жаңа кешені қала тұрғындары үшін дәстүрлі монша мәдениеті мен заманауи демалыс мүмкіндіктерін үйлестіретін орын болуды көздейді.Мекенжайы: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 207/1.Instagram: @almaty.baniНазира Бурханова

---

Source: [https://yvision.kz/post/almatinskie-bani-premium-kesheni-ashyldy-dasturli-bu-monshasy-men-zamanaui-spa-kenistigi-1022403](https://yvision.kz/post/almatinskie-bani-premium-kesheni-ashyldy-dasturli-bu-monshasy-men-zamanaui-spa-kenistigi-1022403)