---
title: "Алма"
description: "Алма…. -Бауырым, қыздарды біреулер әсем гүлге теңейді, біреулер атқан таңға теңейді, айға, жұлдызғ..."
author: "Rauski"
published: "2015-05-04T10:06:21+00:00"
modified: "2015-05-04T10:06:21+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/alma-498875"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/alma-498875/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алма

> Алма…. -Бауырым, қыздарды біреулер әсем гүлге теңейді, біреулер атқан таңға теңейді, айға, жұлдызғ...

Алма….

![vY6SZ9DcPZ65ROIzZhVaX9MOWg79W0.jpg](https://storage.yvision.kz/images/user/rauski/vY6SZ9DcPZ65ROIzZhVaX9MOWg79W0.jpg)

-Бауырым, қыздарды біреулер әсем гүлге теңейді, біреулер атқан таңға теңейді, айға, жұлдызға теңейтіндер өте көп! Сен не дер едің бұған!?

-Досым, менің айтарым, қыздар кәдімгі қол жетпейтін алма сияқты...

-Неге олай дедің?

-Алманың әр түрі болады. Тап сол ел-жұрт теңеген гүл сияқты. Бірақ гүл барлығын әсем қылып көрсетеді. Алманың сары, қызыл, көк, қызғылт-сары және тағы сол сияқты түрлері өте көп...

Өзің байқадың ба? Алманың ең тәттісі, ең көздің жауын алатыны, алыстан мен мұндалап тұратыны ағаштын бас жағында болады. Себебі оларға күн сәулесі молынан түсіп олар сондай көз тарталыққа дейін пісіп жетіледі. Сол алмаға көзің түсе сала, оны өсіп тұрған жерінен жұлып алып жеп айызыңды қандырғанша асығасың. Оны алу оңайға түспейді, себебі ол зәулім ағаштың жоғарғы жағында тұр ғой. Сен оны алып жеудің амалын қарастырасың. Қолыңды созасың жетпейді, тырмысып секіріп шап беріп ұстауға тырысасың олда болмайды, “Бой жетпеген жерге, ой жетеді ” деген мақалды ұстанып астыңа орындық қойып тағы тырмысасың олда болмайды, амалдап алма ағашын сілкисің олда үмітіңді ақтамайды. Содан шараң таусылған соң алманың табиғат заңы бойынша жерге өзі түсуін амалсыздан күтесің. Көздеген алмаң жерге түсе сала оған жармасып оны қомағайлана бас салып тістеп кеп жібересің. Сонда көптен күткен арманың айызың қанады... Бірақ, кейбіреулерін тістеп кеп жібергенде ішінен құрт шығады да...

---

Source: [https://yvision.kz/post/alma-498875](https://yvision.kz/post/alma-498875)