---
title: "АЛДЫН АЛУ"
description: "Құбылмалы ауа райына қарамастан, судың жағасында демалуды қалайтындардың дені жетерлік. Жағажайдағы ..."
author: "dvd_sko"
published: "2019-07-13T06:04:06+00:00"
modified: "2019-07-13T06:04:06+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/aldyn-alu-836184"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/aldyn-alu-836184/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# АЛДЫН АЛУ

> Құбылмалы ауа райына қарамастан, судың жағасында демалуды қалайтындардың дені жетерлік. Жағажайдағы ...

Құбылмалы ауа райына қарамастан, судың жағасында демалуды қалайтындардың дені жетерлік. Жағажайдағы жағдайды полицейлер ТЖ жөніндегі департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп қадағалайды. Тәртіп сақшыларының басты міндеті – демалушылардың спирттік ішімдіктерді ішуінің жолын кесу және масаң күйде суға түсуге жол бермеу. Жыл басынан петропавлдықтардың жалпы суды пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін полицейлер 3 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Барлығы ескертумен шектелді.

Қалалық жағажайдағы рейд барысында масаң күйде болған 4 жас жігіт анықталды. Мән-жайды анықтау барысында олардың барлығы кәмелетке толмағандар болып шықты. Барлығы медициналық куәландырудан өтуге жіберілді, қорытындысы олардың алкогольдік масаң күйде екендігін көрсетті. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін ювеналдық полицейлер әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Есіл өзені бойындағы жабайы жағажайлардағы шомылу фактілерін анықтауға мақсатында полицейлер құтқарушылармен бірлесіп қайықпен патрулдеуге жиі шығады. Шомылушылардың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оларға жаднамалар таратылады. СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқару бөлінісінің басшысы-құтқарушы Сергей Черкасовтың айтуы бойынша «Петропавл қаласы бойынша екі жерде ғана суға түсуге рұқсат етілген: Пестрое көлі мен Есіл өзені – бұл жабдықталған жағажайлар. Сонымен қатар, Корнеевка селосындағы Тораңғұл көлінде құтқару бекеті, демалу аймағы бар. Жабдықталмаған жерлерде суға түсуге тыйым салынады. Қалалық жағажайға демалуға келгеннің өзінде де, сақтауға тиіс судағы тәртіптің өз қағидалары бар: суда тартылған белгілердің ар жағына шығуға, балаларды қараусыз қалдыруға, спирттік ішімдіктерді ішуге және масаң күйде суға түсуге болмайды».

Полицейлер суға түсетін жерлерде алкоголь ішу жазатайым оқиғаларға әкеп соқтыратындығын ескертеді. Масаң күйдегі адамдар жиі құқық бұзушылық жасайды, немесе өздері түрлі қылмыстардың субъектісіне айналуы мүмкін. Сондықтан Есіл өзені мен Пестрое көліндегі жағажайларды патрульдеу суға шомылу маусымы аяқталғанша жалғасады.

![АЛДЫН АЛУ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/377926c87298fc261604d50a6d12c0.jpg)

![АЛДЫН АЛУ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/f3cedd11c9f1f76a45f0eeeab252ca.jpg)

СҚО ПДбаспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/post/aldyn-alu-836184](https://yvision.kz/post/aldyn-alu-836184)