---
title: "АЛДАҒЫ САЙЛАУ ЕЛДІГІМІЗДІ КӨРСЕТЕТІН СӘТ"
description: "2022 жылдың 20 қараша күні елімізде үлкен саяси маңызды оқиға – Қазақстан Республикасы Президентінің..."
author: "zhanibek.nurotan.kz"
published: "2022-10-30T06:45:32+00:00"
modified: "2022-10-30T06:45:32+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/alda-y-saylau-eldigimizdi-k-rsetetin-s-t-977364"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/alda-y-saylau-eldigimizdi-k-rsetetin-s-t-977364/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# АЛДАҒЫ САЙЛАУ ЕЛДІГІМІЗДІ КӨРСЕТЕТІН СӘТ

> 2022 жылдың 20 қараша күні елімізде үлкен саяси маңызды оқиға – Қазақстан Республикасы Президентінің...

2022 жылдың 20 қараша күні елімізде үлкен саяси маңызды оқиға – Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлер арасынан талапқа сәйкес келетін 6 үміткерді тіркеді. Қазіргі таңда үміткерлердің сенімді өкілдері айқындалып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр.Жалпы, алдағы Президент сайлауы – еліміздің болашағына әсер ететін болады. Сондықтан, осындай тарихи шақта ел тағдырына бейжай қарамай, саяси науқанға белсене қатысу – барлығымыздың азаматтық борышымыз деп білемін. Жаңа Қазақстанды құру жолындағы өзгерістер басталды. Әділетті де қуатты Қазақстанды құру бәріміз және әрқайсымыз үшін маңызды. Бүгінге дейінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің дамуы жолындағы бастамаларын қолдап келген халық, алдағы сайлауда да берекелі істің бастамашысы болады деген сенімдеміз. Біздің Отанамыз - бір, мемлекетіміз - бір, халқымыз - бір.

---

Source: [https://yvision.kz/post/alda-y-saylau-eldigimizdi-k-rsetetin-s-t-977364](https://yvision.kz/post/alda-y-saylau-eldigimizdi-k-rsetetin-s-t-977364)