---
title: "ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНДЕГІ ЖОЛ САПАСЫНЫҢ МОНИТОРИНГІ ЖАЛҒАСУДА"
description: "2020 жылдың 6 мамыр кұні жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша «Сапалы жол – Ада..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2020-05-06T10:47:33+00:00"
modified: "2020-05-06T10:47:33+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/ala-k-shelerindegi-zhol-sapasyny-monitoringi-zhal-asuda-856271"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/ala-k-shelerindegi-zhol-sapasyny-monitoringi-zhal-asuda-856271/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНДЕГІ ЖОЛ САПАСЫНЫҢ МОНИТОРИНГІ ЖАЛҒАСУДА

> 2020 жылдың 6 мамыр кұні жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша «Сапалы жол – Ада...

2020 жылдың 6 мамыр кұні жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасын іске асыру шеңберінде «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының мамандары «Ақжайық-адалдық аланы» жобалық офисімен, АМТ, қоғам және БАҚ өкілдерімен бірлесіп Ә. Молдағұлова көшесін күрделі жөндеу объектісінде (бас мердігер – «Бірлік»ЖШС) мониторинг жүргізді.

Атап айтқанда, өткен жылғы ескертулерді жою бойынша жұмыстар барысына мониторинг жүргізілді.

Мердігермен анықталған ақаулар әлі күнге дейін жойылмаған. Атап айтқанда, мердігер кепілдік міндеттемелер шеңберінде жол төсемінің жоғарғы қабатын ауыстыруы тиіс болатын, оның орнына объектіде тек шұңқырларды жөндеу жұмыстары басталды.

Аталған ескертулер бойынша «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалы тапсырыс берушіге тиісті хат жібереді.

Осы жобаның міндеттерінің бірі белсенді азаматтық ұстанымы бар қоғам мүшелерімен өзара іс-қимыл кезінде жол құрылысының барысын қоғамдық бақылауды және ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.

---

Source: [https://yvision.kz/post/ala-k-shelerindegi-zhol-sapasyny-monitoringi-zhal-asuda-856271](https://yvision.kz/post/ala-k-shelerindegi-zhol-sapasyny-monitoringi-zhal-asuda-856271)