---
title: "АЛҒЫ СӨЗ"
description: "АЛҒЫ СӨЗ Марк Твеннің бұл классикалық туындысында Гекельбери Финнің басынан кешкен қызықты оқиғала..."
author: "kitap5"
published: "2017-09-07T01:28:58+00:00"
modified: "2017-09-07T04:00:19+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/al-y-s-z-777974"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/al-y-s-z-777974/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# АЛҒЫ СӨЗ

> АЛҒЫ СӨЗ Марк Твеннің бұл классикалық туындысында Гекельбери Финнің басынан кешкен қызықты оқиғала...

**АЛҒЫ СӨЗ**

 

Марк Твеннің бұл классикалық туындысында Гекельбери Финнің басынан кешкен қызықты оқиғалары баяндалады. Оқиға тілі бай, түрлі тартыстарға толы. Америка құл иеленуші мемлекет болғаны тарихтан белгілі. Зәңгілер, сондай-ақ аралас қаннан жаралғандар ақ адамдардың бөркі, көйлегі секілді меншікті затымен бірдей болған. Бұл жағдай озық ойлы, рухани таза жанды зиялы азаматтарды, оның ішінде ақын-жазушыларды қатты толғандырды. Міне, бұл қатарда М.Твен де бар еді. Оның біраз шығармасында адам баласының тарихындағы барып тұрған ең сұмпайы құбылыс – құлдық трагедиясы аса шеберлікпен суреттеледі.

---

Source: [https://yvision.kz/post/al-y-s-z-777974](https://yvision.kz/post/al-y-s-z-777974)