---
title: "Актер Болат Ыбыраев – 60 жаста"
description: "Актер театр сахнасында 30-дан астам образ сомдаған. Актер Болат Ыбыраевтың тағылымды өмір жолы мен ..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-09-14T22:57:55+00:00"
modified: "2015-09-14T22:57:55+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/akter-bolat-ybyraev-60-zhasta-540435"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/akter-bolat-ybyraev-60-zhasta-540435/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Актер Болат Ыбыраев – 60 жаста

> Актер театр сахнасында 30-дан астам образ сомдаған. Актер Болат Ыбыраевтың тағылымды өмір жолы мен ...

Актер театр сахнасында 30-дан астам образ сомдаған.

![Актер Болат Ыбыраев – 60 жаста](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/MrDELK3W4The7B24T8a3NFXnrd6Ujn.png)

Актер Болат Ыбыраевтың тағылымды өмір жолы мен тәжірибесі бүгінгі жас буынға үлгі.

«Біз де бала кезімізде актер болсақ, деп армандап келдік театрға. Сонда бізге аға буын «балалар ойланыңдар, өнер жолы – қиын. Ащысы да, тұщысы да болады»,-дейтін. Бірақ, жассың, оған мән бермейсің. Кейін келе өнердің асқан жауапкершілікті талап ететінін түсіндік»,-дейді актер.

Болат Ыбыраев Қарағандының тумасы. Актердың алғашқы еңбек жолы да кеншілер қаласында басталды.

«Болат – ірі актерлердің бірі. 1970 жылдардан бастап 1990 жылдарға дейін Қарағанды театрында жұмыс істеген. Оның сол театрда ізі қалды. Ірі қойылымдарда Болаттың жолы бар»,-дейді С.Сейфуллин атындағы драма театрдың директоры Сансызбай Бекболат.

Актердің еңбегі де елеусіз қалмады. 2002 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталса, 2013 жылы ҚР Еңбек сіңірген қайраткері атағын иеленді.

Толығырақ [«Таңшолпаннан»](http://itube.kaztrk.kz/tankaz/) көре аласыздар.

---

Source: [https://yvision.kz/post/akter-bolat-ybyraev-60-zhasta-540435](https://yvision.kz/post/akter-bolat-ybyraev-60-zhasta-540435)