---
title: "«Әділет» партиясының кандидаттары ОСК-де тіркеуден өтті"
description: "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы «Әділет» партиясынан Құрылтай сайлауына қатысатын партиялық тізімді тіркеді. Пар?..."
author: "adilet_partiyasy"
published: "2026-07-21T06:39:39+00:00"
modified: "2026-07-21T06:49:18+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/adilet-partiyasynyn-kandidattary-osk-de-tirkeuden-otti-1021625"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/adilet-partiyasynyn-kandidattary-osk-de-tirkeuden-otti-1021625/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Әділет» партиясының кандидаттары ОСК-де тіркеуден өтті

> Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы «Әділет» партиясынан Құрылтай сайлауына қатысатын партиялық тізімді тіркеді. Пар?...

![«Әділет» партиясының кандидаттары ОСК-де тіркеуден өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/582971/f213aaf52263f188290f8bba00d52a6e.jpg?width=1280&height=853)

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы «Әділет» партиясынан Құрылтай сайлауына қатысатын партиялық тізімді тіркеді.Партиялық тізімге 186 кандидат кірді. Олардың арасында – заңгер, ғалым, кәсіпкер, сондай-ақ, білім беру, денсаулық сақтау, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, мәдениет пен қоғамдық қызметтердің өкілдері бар. Жалпы, тізімде 72 әйел және 114 ер адам бар. Кандидаттардың орташа жасы – 45 жас.

![«Әділет» партиясының кандидаттары ОСК-де тіркеуден өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/582971/7c46d21048d389a62711c33b90e44337.jpg?width=1280&height=854)

Еске сала кетсек, «Әділет» партиясы 2026 жылы 1 маусымда ресми тіркеліп, кейін Құрылтай сайлауына қатысуға дайын екенін жариялаған еді. 10 шілдеде өткен кезектен тыс III Съезде партия 186 кандидаттан тұратын партиялық тізімді ұсынып, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Бұл – партияның Парламент сайлауындағы алғашқы саяси додасы. Парламент сайлауы 23 тамызда өтеді.

---

Source: [https://yvision.kz/post/adilet-partiyasynyn-kandidattary-osk-de-tirkeuden-otti-1021625](https://yvision.kz/post/adilet-partiyasynyn-kandidattary-osk-de-tirkeuden-otti-1021625)