---
title: "Адам болғың келсе, адал бол!"
description: "Жаманбай Маржан, ҚазҰУ-дың 3 курс студенті. Жетекшісі: Н.Б. Рушанова, аға оқытушы Аллаһ Тағала адам баласын жаратқанда сан түрлі қасиет пен қабілет береді. Әрі қарай дамыту пенденің мойнында. Адам болып туылу өз алдына, бірақ қиын өмір..."
author: "ZhamanbayMarzhan2004"
published: "2024-04-18T06:02:15+00:00"
modified: "2024-04-18T06:02:15+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/adam-bol-y-kelse-adal-bol-1003619"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/adam-bol-y-kelse-adal-bol-1003619/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Адам болғың келсе, адал бол!

> Жаманбай Маржан, ҚазҰУ-дың 3 курс студенті. Жетекшісі: Н.Б. Рушанова, аға оқытушы Аллаһ Тағала адам баласын жаратқанда сан түрлі қасиет пен қабілет береді. Әрі қарай дамыту пенденің мойнында. Адам болып туылу өз алдына, бірақ қиын өмір...

Жаманбай Маржан,

ҚазҰУ-дың 3 курс студенті.

Жетекшісі: Н.Б. Рушанова, аға оқытушы

Аллаһ Тағала адам баласын жаратқанда сан түрлі қасиет пен қабілет береді. Әрі қарай дамыту пенденің мойнында. Адам болып туылу өз алдына, бірақ қиын өмір ағысында адам болып қалу бір бөлек. Пенде өсе келе бойына бүкіл қулық - сұмдықты жинайды. Арамдық пен зұлымдықты көрген тән қартаяды. Жүрек қараяды. Жалған дүниені жалпағынан басып жүректегі асыл қасиеттерді нәпсіге беріліп, тұншықтырып өлтіруі мүмкін. Алайда барлығы тұлға болып, адамгершілігін сақтауда отбасындағы тәрбиесіне байланысты. “ Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің” демекші, кішкентайымыздан баланы адал еңбекке, қайырымдылыққа, үлкенді сыйлауға, ең басты құндылық-адамгершілікке үйреткен. Мұсылман болу адамды адал өмір сүруге итермелейді. Малға кедей болсаң да арыңды сатпа! Дүниенің қызығына беріліп ,арыңды сатпауға, арам мен адалдық ара - жігін ажыратып тәніңді сақтауға, өз жарыңды сүйіп, өзге жанға көз салмауға, Отанды , тілді, дінді сатпауға үйретеді. Адам өз жүрегіне өз- өзіне адал болса өмір сүру жеңілдейді. Адамды алдай алғанымен, Алланы алдай алмайсың. Сондықтан адал болғайсың...

Елге адал болмайтындарды,

Сырттап, торлайтындарды,

Суын лайлайтындарды,

Тілін қорлайтындарды,

Түсінбей дал боламын мен

Боздаған аруана мұңмен

Ойлаймын, уайымдаймын

Тағдырын кең даланың мен.

Күләш Ахметова

“Ойлаймын, уайымдаймын”

---

Source: [https://yvision.kz/post/adam-bol-y-kelse-adal-bol-1003619](https://yvision.kz/post/adam-bol-y-kelse-adal-bol-1003619)