---
title: "«Адал болу – заман талабы» жастар флешмобы"
description: "А.ж. 11 мамырда Еңбекшілдер ауданында «Адал жол-Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны а..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-05-11T23:46:24+00:00"
modified: "2016-05-11T23:46:24+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/adal-bolu-zaman-talaby-zhastar-fleshmoby-692885"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/adal-bolu-zaman-talaby-zhastar-fleshmoby-692885/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Адал болу – заман талабы» жастар флешмобы

> А.ж. 11 мамырда Еңбекшілдер ауданында «Адал жол-Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны а...

![«Адал болу – заман талабы» жастар флешмобы](http://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/pAtid0pgyrAkLn2S32kPf6tHN8i08H.gif)

А.ж. 11 мамырда Еңбекшілдер ауданында «Адал жол-Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамашылық етуімен «Адал болу – заман талабы» жастар флешмобы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатымен таныстыру, жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, сондай-ақ, адамгершілік қасиеттерді дарыту.

Би флешмобы аяқталғаннан кейін жеңіл атлетикалық кросс өтті, оған аудан жастары қатысты.

Іс-шараға 150-ден астам адам қатысты.

---

Source: [https://yvision.kz/post/adal-bolu-zaman-talaby-zhastar-fleshmoby-692885](https://yvision.kz/post/adal-bolu-zaman-talaby-zhastar-fleshmoby-692885)