---
title: "Act to be the best!!!"
description: "Міне, футболдан ел біріншілігі де аяқталды. ФК Ақтөбе үшін ФК Ордабасымен болған соңғы матч нағыз др..."
author: "MickThatsMyNick"
published: "2013-11-03T14:42:52+00:00"
modified: "2013-11-15T02:48:30+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/act-to-be-the-best-383327"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/act-to-be-the-best-383327/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Act to be the best!!!

> Міне, футболдан ел біріншілігі де аяқталды. ФК Ақтөбе үшін ФК Ордабасымен болған соңғы матч нағыз др...

Міне, футболдан ел біріншілігі де аяқталды. ФК Ақтөбе үшін ФК Ордабасымен болған соңғы матч нағыз драмаға айналды. Матчтың тартысты болғаны соншалық, ойынның қандай нәтижемен аяқталатынын ешкім де болжай алмады. Біреулер жеңіске ФК Ақтөбе оп-оңай жетеді немесе сатып алады десе, басқалары Ордабасының жеңетініне сенді. Бейресми деректер бойынша, ФК Астана шымкенттік командаға бізді жеңген кезде ірі көлемде ақшалай премия ұсынамыз деп уәделеткен. Бірақ осының барлығына семіз нүктені ойынның соңғы минутында жергілікті футбол түлегі Абат Әймбетов қойды.

Бұл нүктені ақтөбелік жанкүйерлер де күтпеген шығар, өйткені біз 91-ші минутта өз алаңымызда 1:2 есебімен ұтылып жаттық. Қарсылас қақпасына гол соғылғаннан кейін, бізге қатысты барлық күмән бірден жойылды. Өйткені біз осыдан 3-4 бұрынғы жетістіктерімізді қайталап әділ чемпион атандық. Оның үстіне бүкіл маусым бойы бірінші орында келіп, соңында екінші орын алған, клуб үшін ұят болар еді. Өз басым осы матчтың қиын болатынын іштей сезгем. Себебі Астана астаналық команда ретінде чемпион болуға лайықтымыз деп келген. Елордалық Астана президенттік клубында спорттың басқа түрлеріндегі қалған клубтар чемпион болып үлгерген, тек ФК Астананы санамағанда. Ал біздер, яғни ақтөбеліктер үшін қаламызда футболдан басқа дамыған спорт түрі жоқтың қасы. Сондықтан футболдан басқа жерге бара алмаймыз.)) Хоккей, баскетбол атымен жоқ. Әйтсе де волейболдан Хромтау қаласының командасы биіктен көрінген екен, сосын 97 жылғы жергілікті футболшылар да ел чемпионы атанған. Ал "13 сектор" үшін 20"13"-ші жылдың чемпионы болу бұл символикалық деуге болатын шығар. 2009-шы жылдан кейін араға үш жыл салып, көптен күткен "ел футболының патшасы" статусын өзімізге қайтадан әпердік. Бірақ сол үш жыл аралығында біз үздік үштіктен түсіп көрмегенбіз. Енді міне, ФК Ертіспен бірге пентакампеон атандық. Бізге болысқандарға алғыс. Жарайд, енді кезекті суреттерге берейік:

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/j05EAml3XU26tA9S14FQHLq0rvbxr8.jpg)

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/vFyjSF5cfIxjy4WJcrz46Uwl2bOVbv.jpg)

Иә, шеткі сектордағы шеткі орын, бірақ осы тұстан шыққан-кірген ойыншыларды жақыннан көруге болады.

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/0WX8u8nrYn1XJM00jjTbGZwtGSWIkW.jpg)

Сиделаның ойынша футбол ол бокс.))

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/M980fCc4e2hCruY854NuxLCW96xTdI.jpg)

Қосымша ВИП орындар

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/Ta9HASX2U0Dtp9zJBfZOcpM2rBMMxG.jpg)

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/wp0KFsA4wlMWXviz1fLNv7oBl1CxZT.jpg)

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/1WWE5F63zi2wBbnoaY99x1m48H6b47.jpg)

Қонақтардың орындауындағы бұрыштама соққы…

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/cm5l68xyW4K6GJs4l9BIdoj81m43sM.jpg)

және гол.

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/6GP41VwOyQAbG81dZjPRW0w3OtTd2H.jpg)

Бірінші тайм осындай есеппен аяқталды.

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/6j0L7X8wTP0D3Bt2pMgxzdv9gQ6id7.jpg)

Алаң қожайындарының бас бапкері В. Никитенко өзіне артылған жауапкершілікті түсінеді

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/1P9qwGYghl84nG54x3N7PC3yxtM12k.jpg)

Жанкүйерлерден хормен айтылған «3,14 дарас» сөзін естіп үлгерген төрешілер

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/6W9YVBbZjhh47XKuSrn6XGU34yk7M0.jpg)

Екінші раунд.. кешіріңіздер, екінші тайм басталды. Қонақтардың қақпашысы да өзінің қарсылас әріптесінің ойымен келісетін секілді.))

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/7jtxNPJ9IHUsXXd6JSd6rso89DI2Tu.jpg)

Потоғрыптар

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/F8WQQpU8F2WOqXJ14kvJX7swimxUlU.jpg)

Ойын тағдырына алаңдап, орындарынан тұрып кеткен қыздар

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/rBdlR3Mef4V6OAZWszCF949X7KQIVe.jpg)

Уақытты созып тұрған қақпашы

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/j6JyRTBzt6is2BpVJ6l2rwm64kD5cn.jpg)

Аййй өкініш.. хааайй өөкініш..

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/q99AAl06xDl9XB97b634K2YeRIQD0x.jpg)

Төреші тарапынан қателік, Мара тарапынан наразылық

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/U6jjo4PSpSLBrRapf4tCa7fY8Z9ERd.jpg)

Кезінде ФК Ақтөбе сапында ойнаған Қайратқа сары қағаз

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/M66e8RZ223wXU3b3BtIkj2zDUpWq48.jpg)

Абат Әймбетов пен команда капитаны Петр Бадло

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/SgGP42l8NnD6p0p11xHvWMJpj5HOHm.jpg)

Біздің жауап гол, авторы Юра Логвиненко

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/AoJkQrZmtyG0xbX0AHv2Plcrp5ERZ8.jpg)

Ерте тойлау

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/NyRLexBJre4EShz9UD65Go398E1AHN.jpg)

Өйткені, қонақтардың екінші голынан кейін су сепкендей басылдық

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/959306Zbm363Y4T10NP7IlDYyZFpJ2.jpg)

Бірақ соңғы қосымша минутта күтпеген жерден голды жас ойыншы Абат салды, тіпті байқамай қалдым

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/j3mnL658ap0ertO2PwgielahTL9god.jpg)

Тойлауға аттың басы жіберілді

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/6NTM3DuVpW1DTwbN8F13FDNYuTQKNf.jpg)

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/b1vx8TxfJj1ErwWI92ArXRuJqi9Gg0.jpg)

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/1aZgbSpurKJpT375ByD1k5zRffyoL1.jpg)

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/DMvya5sn98m6c0iC49EFxoDy8UCYMK.jpg)

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/rCwJV8kMTm9VKNhBHBWH3AJhqQr506.jpg)

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/p4M8kXkCAZUk7vMnL6M3Hodf98cCrd.jpg)

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/9Jiq1X6z51Dp4RDusa82tPKUjUJ4Jw.jpg)

Марапаттау алдында мини-концерт болды

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/7p5kn7BE91gM2wA5exF58omNPQjD3o.jpg)

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/74WvX49948NDdDFP13dMTQCt6aWe08.jpg)

Йоу-йоу

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/pGdfE8SGeGbbXTF9mjwC4kpPIL6Yl2.jpg)

Виннерлердің шығуын күту

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/S138wq73fWejFXbi4H7HKW06v0KUz0.jpg)

Команда мүшелері мен ойыншыларының қуаныштарында шек жоқ))

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/ra5qUaL9G1ChO021Wi7APjLiR0Clw5.jpg)

Негізгі қақпашы Андрей Сидельников

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/mAWX517o5tvP73y4oqsXhb1N71lEa0.jpg)

Қосалқы құрамдағы екінші қақпашы

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/7nN8HSe8zAuclj1c5897yrbFv4SVRQ.jpg)

Юрий Логвиненко (біздің бірінші гол авторы)

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/2bZEyjxpl1bd3tjo8AgBsTFg82jP5f.jpg)

Роберт Арзуманян

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/qi2qyR16D011tChlX3wue7dX8751yl.jpg)

Андрей Харабара

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/T50L6wOyotYYRtust06TEWtQHg9Ql6.jpg)

Марапаттау рәсімі

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/kaQiJXalOid98T62KTqUWc8k0uX6cn.jpg)

Бас бапкер Владимир Никитенко

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/9jEeXMROdG7nZRoZq2rfMv2a9O0gAN.jpg)

«Ну что ребята, мы чемпионы, как и обещал» деп жатқан шығар

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/8k3995CWBuJmYddK1SbRC3gDCzatzf.jpg)

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/ds7HJT64UmuYfA20KrwRLe9h7918Ic.jpg)

Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/c7WMYi9Q6Y63LTzTw9Vw8H8Sn38ta5.jpg)

Күнге жалт-жұлт еткен алтын

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/Qn1VuQpBK007tMzavF95BseQzgPA7i.jpg)

Алтын табақша бұрынғы қожайындарына оралды

![Act to be the best!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/Cs676b4dxnLWz2rx9AOaw04BWU3lzt.jpg)

Тәуекел - шампан шарабы

Осылайша, осы маусым біздің жеңіспен аяқталды. Матч аяқталғаннан кейін, қаланың орталық көшелеріне көлікпен шығып, тамақтан тамақ қалдырмай шулап, кептеліс жасадық. Басқа көлік жүргізушілер мен полиция қызметкерлері түсіністікпен қарады деген ойдамыз. Бұған дейінгі матчтарды барымша өткізбей фотоға түсіріп, сайттарға жариялап келдім. Ең бастысы осының бәрі өзім үшін бекер болмағаны. Нәтиже деп осыны айту керек.) Енді келесі маусымда біз үшін қойылған ең жоғарғы «планка» ол — Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне өту! Осылайша кіндіктен жоғары секіріп көреміз.)) Жеңіс құтты болсын, барша болысқандарға!

---

Source: [https://yvision.kz/post/act-to-be-the-best-383327](https://yvision.kz/post/act-to-be-the-best-383327)