---
title: "«Абай облысы – лудоманиясыз аймақ» атты облыстық форум өтті"
description: "Абай облысының әкімдігі мен облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті бірлесіп ұйымдастырған форумның басты мақсаты – қо?..."
author: "MarkSeveryanin"
published: "2025-10-09T07:21:47+00:00"
modified: "2025-10-09T07:21:47+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/abay-oblysy-ludomaniyasyz-aymak-atty-oblystyk-forum-otti-1017718"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/abay-oblysy-ludomaniyasyz-aymak-atty-oblystyk-forum-otti-1017718/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Абай облысы – лудоманиясыз аймақ» атты облыстық форум өтті

> Абай облысының әкімдігі мен облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті бірлесіп ұйымдастырған форумның басты мақсаты – қо?...

Абай облысының әкімдігі мен облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті бірлесіп ұйымдастырған форумның басты мақсаты – қоғамда құмар ойындарының зиянына қарсы иммунитет қалыптастыру, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және лудоманияның алдын алу бағытында бірлескен іс-қимылдарды күшейту.

![«Абай облысы – лудоманиясыз аймақ» атты облыстық форум өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/441175/ed2c9c1248deabc58b7140db0e3a0c6c.jpg?width=1280&height=854)

Форум аясында экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары тұрғындарға құмар ойындарына қатысты құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес берді.Шара барысында «Суреттер/плакаттар», «Өлеңдер мен ұрандар, мемдер», «Көркем оқу шеберлері», «Эссе/блог-пост», «Фотобайқау», «Комикстер мен сторибордтар», «Музыкалық байқау» сияқты бірнеше номинация жеңімпаздары марапатталды. Іс-шараға қатысқан облыс әкімі Берік Уәли жиынның аса өзекті мәселеге арналғанын атап өтіп, қауіпті кеселге жол бермеуге атсалысып келе жатқан Абай облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне алғысын жеткізді.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында «Шын мәнінде озық ұлт болу үшін жақсылыққа ұмтылумен қатар, еліміздің өсіп-өркендеуіне кедергі болатын жаман әдет, жағымсыз қылық және қауіпті кеселден құтылуымыз керек. Бұл – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жолындағы өте маңызды қадам» деп айтқан болатын. Бұл сөздер – баршамызға берілген бағыт-бағдар. Лудомания – Президент атап өткен бес кеселдің бірі. Хакім Абай: «Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол» – деп, ұрпағын ізгілікке, парасатқа шақырған. Осы өсиеттің мәні мен мағынасы өте терең. «Абай облысы – лудоманиясыз аймақ» жобасы, міне, осы қоғам дертінен аулақ болуға шақырады. Мұндағы басты мақсат – ұрпақты жаман әдеттен қорғау, жастардың санасын дұрыс қалыптастыру» деді аймақ басшысы.Облыс әкімі іс-шара барысында зор талабы үшін Семей қаласындағы №10 мектептің 2-сынып оқушылары Жанель мен Анель Жиенбековаларға арнайы сыйлық табыс етті. Олар байқау тақырыбына сәйкес бейнеролик жариялаған екен.Форумда «Дариға-ай» жастар театрының «Шәй ішейікші» атты театрландырылған қойылымы көрсетіліп, Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училище ұжымы мен Әміре Қашаубаев мемлекеттік филармониясының әртістері концерттік бағдарлама ұсынды.

---

Source: [https://yvision.kz/post/abay-oblysy-ludomaniyasyz-aymak-atty-oblystyk-forum-otti-1017718](https://yvision.kz/post/abay-oblysy-ludomaniyasyz-aymak-atty-oblystyk-forum-otti-1017718)