---
title: "Абай Кунанбаев"
description: "Есіңде бар ма жас күнің, Көкірегің толық, басың бос Қайғысыз, ойсыз, мас күнің? Кімді көрсең - бәрі ..."
author: "KARZHAS"
published: "2011-09-10T14:29:56+00:00"
modified: "2011-09-10T14:29:56+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/abay-kunanbaev-191430"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/abay-kunanbaev-191430/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Абай Кунанбаев

> Есіңде бар ма жас күнің, Көкірегің толық, басың бос Қайғысыз, ойсыз, мас күнің? Кімді көрсең - бәрі ...

***Есіңде бар ма жас күнің,***

***Көкірегің толық, басың бос***

***Қайғысыз, ойсыз, мас күнің?***

***Кімді көрсең - бәрі дос.***

 

***Махаббат, қызық, мал мен бақ,***

***Көрінуші еді досқа ортақ .***

***Үміт жақын, көңіл ақ,***

***Болар ма сондай қызық шақ?***

 

***Құдай-ау, қайда сол жылдар,***

***Махаббат, қызық, мол жылдар?!***

***Ақырын, ақырын шегініп,***

***Алыстап кетті-ау құрғырлар.***

 

***Жалынасың, боқтайсың,***

***Сағынасың, жоқтайсың.***

***Махаббат кетті, дос кетті, -***

***Жете алмайсың, тоқтайсың.***

 

***Көзіме жас бер, жылайын,***

***Шыдам бер, сабыр қылайын.***

***Жаралы болған жүрекке***

***Дауа бер, жамап сынайын.***

---

Source: [https://yvision.kz/post/abay-kunanbaev-191430](https://yvision.kz/post/abay-kunanbaev-191430)