---
title: "АҚШ ӘСКЕРИЛЕРІ СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ БОЛДЫ"
description: "АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қауіп-қатерді азайту жөніндегі агенттігінің бөлім директоры подполковник..."
author: "dvd_sko"
published: "2019-02-09T06:39:02+00:00"
modified: "2019-02-09T06:39:02+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/a-sh-skerileri-s-o-policiya-departamentinde-boldy-825871"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/a-sh-skerileri-s-o-policiya-departamentinde-boldy-825871/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# АҚШ ӘСКЕРИЛЕРІ СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ БОЛДЫ

> АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қауіп-қатерді азайту жөніндегі агенттігінің бөлім директоры подполковник...

![АҚШ ӘСКЕРИЛЕРІ СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ БОЛДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/e16bd64d20001eb10fc9f3b60aa02b.jpg)

АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қауіп-қатерді азайту жөніндегі агенттігінің бөлім директоры подполковник Колдер Стивен Ричард және оның әріптестері Полиция департаментінде болды. Қонақтарға мұражай және Жедел басқару орталығының жұмысы көрсетілді.

Қазақстандық полицияның құрылу тарихымен танысқан әскери қонақтар ерекше әсерге бөленді. «...Әр дәуірден сыр шертетін экспонаттардың тұпнұсқасы, олардың сипаттамасы, орайластыра орналастырылған экспозициялар тарихқа деген құрметті көрсетеді. Қызмет атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерге, Екінші дүниежүзілік соғысты мәңгі есте сақтауға ерекше көңіл бөлінген. Сіздердің мұражайыңыз және оның сақтаушылар ел тарихы туралы естеліктерді сақтауға елеулі үлес қосатынын көрдік...», - деп атап өтті Колдер Стивен Ричард. Ол алған әсерін пікір қалдыру кітабында: «...тарихтан әсер алатын мұражайда болу – біз үшін зор құрмет. Петропавл полициясы қоғамға және елге жоғары деңгейде қызмет көрсетуде. Біз зор құрметпен шынайы тілектерімізді білдіреміз...», - деп жазды.

Шетелдік қонақтар Жедел басқару орталығында облыс аумағындағы бейнебақылау жүйесінің жұмысымен танысты. СҚО полиция учаскелеріне 1140 аса камера орнатылған, оның 140 Петропавл қаласында жұмыс істейді. Оның бір бөлігі қызмет көрсететін аумақта учаскелік инспекторлардың жұмысына ыңғайлы болу үшін 13 учаскелік полиция пунктіне тікелей қосылған. Қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудың маңызды бөлігінің бірі қала мектептері мен ауруханаларда камералар орнату және оны ЖБО режиміне қосу болып табылды. Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Берік Біләлов Солтүстік Қазақстанға келген шетелдік қонақтардың полиция ведомствосында болуы, келу мақсатының бірі екендігін атап өтті. Олар бұдан басқа жоспарында ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының басшылығымен кездесуді жоспарлап отыр.

![АҚШ ӘСКЕРИЛЕРІ СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ БОЛДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/d39e8f4a451e5b3cefff0a68d94121.jpg)

![АҚШ ӘСКЕРИЛЕРІ СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ БОЛДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/74c197ca6a6d771be58c9037af8526.jpg)

![АҚШ ӘСКЕРИЛЕРІ СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ БОЛДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/2918858ccea6fe2660e36919fd559d.jpg)

![АҚШ ӘСКЕРИЛЕРІ СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ БОЛДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/7ba73c688d89261fa9a80929af10f5.jpg)

![АҚШ ӘСКЕРИЛЕРІ СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ БОЛДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/a3ae63e841c85f0dc422d04ff0082e.jpg)

![АҚШ ӘСКЕРИЛЕРІ СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ БОЛДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/1046771e0c335f746f896764d25de1.jpg)

![АҚШ ӘСКЕРИЛЕРІ СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ БОЛДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/478c947185bcdfa398f9fde6ff390f.jpg)

СҚО ПД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

---

Source: [https://yvision.kz/post/a-sh-skerileri-s-o-policiya-departamentinde-boldy-825871](https://yvision.kz/post/a-sh-skerileri-s-o-policiya-departamentinde-boldy-825871)