---
title: "АҚПАРАТТЫҚ ХАТ"
description: "«Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» - «Антикоррупционная политика» республикалық ақпараттық-насих..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-04-01T08:39:02+00:00"
modified: "2015-04-01T08:39:02+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/a-paratty-hat-487344"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/a-paratty-hat-487344/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

> «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» - «Антикоррупционная политика» республикалық ақпараттық-насих...

![АҚПАРАТТЫҚ ХАТ](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/fCQ9WB8ibxnql2Ak86VibaY2hl9pWt.jpg)

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» - «Антикоррупционная политика» республикалық ақпараттық-насихат журналы еліміздің жемқорлыққа қарсы саясатын насихаттауға арналған мамандандырылған бірден-бір басылым.

Журналдың негізгі мақсаты – еліміздің демократиялы қоғам қалыптастыру жолында адам қолымен жасалатын қылмыстар мен заң бұзушылықтардың алдын алу,олардың жолын кесу мақсатында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан іс-шаралар мен атқарылуға тиіс жұмыстарды оқырман қауымға жеткізу, олармен ой бөлісу, жалпы ізгілікті қоғамдық ортақ көзқарас қалыптастыру тұрғысында қызмет көрсету болып табылады.

Сондай-ақ, азаматтық-құқықтық және конституциялық жауапкершілік түсініктерінің саналы түрде орнығуы төңірегінде мәселелерді ортақ мүдде айналасына топтастыра талқылау-талдаудың бірыңғай жүйесін жетілдіру жөніндегі мақалалар да назардан қалмауы тиіс. Еліміздегі азаматтық қоғам ұйымдарын және мемлекетіміздің әрбір саналы азаматын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ар-ождан қағидаларын түйсінуге, құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға атсалысуға жұмылдыру негізгі бағдар болмақ.

Журнал мемлекеттік мекемелерге, құқық қорғау органдарына, ресми емес ұйымдарға және жалпы сыбайлас жемқорлықпен күресуге дайын мекемелерге арналады.

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» - «Антикоррупционная политика» журналына жазылу «Казпочта» АҚ, «Евразия пресс», «Ернұр пресс», «Эврика пресс» ЖШС-лары арқылы жүргізіледі. Индекс: **74769**

Жазылу бағасы: 3 айға – 2222 теңге, 6 айға – 4444 теңге, 9 айға – 6665, 12 айға – 8887 теңге.

![АҚПАРАТТЫҚ ХАТ](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/qetg8RN4QrUb7oK2vuVie9HoQw8X20.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/a-paratty-hat-487344](https://yvision.kz/post/a-paratty-hat-487344)