Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:47, 18 декабря 2010

Жанажылдық YourVizion

www.yvision.kz блог платформасы өзінің қолданушыларына мейрамдық көңіл күй сыйлап, ұжымдық татулық үлгісін тарту етті.

Мейрамға байланысты отырыс алдынан жергілікті БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәлімдемесі болып өтті. Мәлімдемеде блог иелері және бас қолдаушы Kcell компаниясы өкілі осы қызықты отырыс туралы өз ойларын білдірді. Сонымен қатар елімізде блогосфера саласының айтарлықтай дамуы және азаматтық журналистика саласының жетістіктері туралы айтылды.

БАҚ өкілдері жағынан Интернет саласында қазақша сайттарды дамытуға өзіндік үлес қосып жүрген Нағиев Ізгіліктің: Блогосфераның қазақтілді бөлігінің дамуы үшін нақты қандай жұмыстар атқарылуда және қазақтілді және орыстілді блогосфера бөлінбеуі үшін  нақты қандай қадамдар жасалуда?  деген жалғыз ғана сұрағына блог иелері нақты екі тілде жауап берді.

Блог иелерінің мәлімдеуінше: Қазіргі уақытта www.yvision.kz блог платформасы екі тілді тең қолдануға мүмкіндік береді, қолданушыларға ыңғайлылық қарастырылған. Алдымыздағы жылдың жоспары бойынша қазақтілді блогосферада танымал Blog post imageArsik басшылығымен жаңа функциялар іске қосылады және бұл қадам қазақтілді блогосфера дамуына айтарлықтай зор үлес қосады деген сенімдеміз деп үміт білдірді.

0
287
0