Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:24, 14 декабря 2010

Кітаб жазсам ба? деген бір ой мазалауда!

Шыны керек осыдан бір апта бұрын, қайдан ғана пайда болғанын білмеймін, бірақ, Кітаб жазсам ба деген ой мазалаумен болды! Жазбас бұрын "менің кітабым кімге керек? ол өз оқырманын табады ма? жоқ түкке тұрғысыз қиал-ойлардың жиынтығы болып қала береді ме?"-деген ойлар да туындады. Соған қарамастан қолыма қара "клавиатураны" алып, ақ "мониторға", "Шынайы махаббат" атты ойдан шыққан оқиғамды тере бастадым! Енді ары қарай жалғастырудың мәні бар ма, жоқ па билмеймін! сондықтан күллі қазақ халқынан ӨТІНІШ - төменде жазылған оқиғаның бас жағын оқып көріп, өз пікірлеріңізді айтсаңыздар! Рахмет!

Шынайы Махаббат

Аса үлкен қызығушылықпен Алтынай қымбат шетелдік киімдер сататын дүкендерді алыстан көз жүгіртіп, қарап жүрді. Дүкеннің ішіне кіріп, киіп көруге қалтасы котермегендіктен, үлкен айнаның арғы бетіндегі көйлектерді сыртынан бақылап, неше түрлісін бірінен соң, бірін қиалында кие берді. Жүзінде шексіз қуаныш ойнағандай! Әндетіп жүріп, қиалданып, айнала бергенде, ұзын бойлы қара костюм киген, жүзі байсал ер-жігітті қалай соғып кеткенін байқамай қалды. Бір қолында ыстық кофье, бір қолында ұялы телефонын құлағына тақап келе жатқан ол, қыздың соққысынан үстіне шашырап кеткен кофьені қолымен сүртіп тұрып:

-         Есің дұрыс па өзі? Көзіңе қарамайсың ба! – деп баж ете қалды.

-         Ой, кешіріңізші, байқамай қалдым, күйіп қалдыңыз ба, ұят болды-ау, енді не істедік? – деп ұялғанынан жерге қарап тұрып, сәл ойланып – жүріңізші, жүріңіз үйге, көйлегіңізді жуып берейін - деп қолынан сүйрей жөнелді. Осы кезде жігіттің ұялы телефоны қолынан сырғып түсіп, жерге тигенде шашылып кетті. Ол одан бетер ашулана бастады. Істеген қылығына қатты ұялған Алтынай сөмкесіндегі визиткасын алып, жігіттің төс қалтасына сала салды.

-         Өтінем кешіріңізші, жаңа ұялы телефон сатып алып беруге уәде берем, осы нөмірге хабарласыңыз. – деп жігіттің қолын ұстай жөнелді. Долданған түрін тыржитып, жақтырмағансып:

-         Енді жетпегені сендей ақымақ қызбен байланысайын, жібер кәне! – деп қолын қағып жіберді. Жаңа ғана ұялып тұрған қыз, мейірімсіз кісінің сөздеріне ашуланып:

-         Кешірім сұрадық қой, немене, галстук кисең болды қыздарға аузыңа келгенді оттай бересің ба не? – деп оны да оңдырмай соқты.

-         Әй сен, бір маңызды кездесуім болмағанда, тап осы жерде сазайыңды тартар едім тура. – деп алакөзденіп, қыздың иығынан соға өтіп кете берді. Сол соққыдан Алтынай сәл шетке кідіріп қалды. Артына ашулана жалт қарап:

-         Қарай көр өзінің маңызды бола қалғанын, осыны да жігіт дейді-ау – деп кері бұрылып, қабағы түйілген күйде аялдамаға қарай беттеді.

«Болашақта бұл кездей соқ жағдай екі жастың өмірін мәңгілікке өзгертетіндігін кім білген...»

Жас жігіттің есімі Серік, оның әкесі көптеген үлкен корпорациялардың акцианері болатын. Жол апатынан қаза тауып, көз жұмған етін. Бірақ бұрын соңды әкесі біраз акциасын ұлына табыстап үлгерген еді. Қазір екі жыл көлемінде уақыт өтсе де, әкесін сағынып, көз жанарынан қайғы кетпеген Серіктің бұрынғыдай достарымен көңіл көтеруге де мазасы болмай қалған. Жұмысқа беріліп, өмірдің қызықты сәттерін ұмытқан. Тіпті өз туылған күнін тойламағалы да міне екінші жыл болды.

 

 

 

0
392
0