Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:39, 02 декабря 2010

Жеті жылдық соғыс

Жеті жылдық соғыс (1756–1763) — сол кездегі барлық маңызды еуропалық мемлекеттер қатысқан, 900 000-нан 1 400 000-ға дейін адам шығынына алып келген соғыс.[1] Соғыс 1756 жылдан 1763 жылға дейін еуропалық және отарлық соғыс театрларында өрбіді. 1754 – 1763 жылдар арасында орын алған Помераниялық соғыс пен Француз және үнді соғысы соның бөлігі болып саналады. Пруссия, Һановер курфюрсттығы және Ұлыбритания патшалығы (Солтүстік Америкадағы отарлары, британиялық Шығыс Үнді компаниясы және Ирландия патшалығымен бірге) одақ құрып, Аустрия, Франция (Солтүстік Америкалық Жаңа Франция отары және франциялық Шығыс Үнді компаниясымен бірге), Ресей империясы, Швеция және Саксония курфюрсттығына қарсы соғысты. Кейінірек текетіреске Португалия (Ұлыбританияның жағында) және Испания (Францияның жағында) да кірісті. Бейтарап Нидерланды республикасының қарулы күштері Үндістанда шабуылға ұшырады.

Соғыстың нәтижесінде Франция Америкалардағы басты отарлаушы мемлекет ретіндегі ролін (онда ол Француз Гвианасы, Гваделупа, Мартиника, Сен-Доминг және Сент-Пьер және Микелон сияқты иеліктерін ғана сақтап қалды) және Ұлы француз революциясына дейін Еуропадағы ең басты мемлекет ролін жоғалтып алды.[2] Ұлыбритания болса дүниедегі басты отарлаушы мемлекетке айналды. Францияның әскери теңіз флоты бытырап кетті.[3] Дүниенің басқа бір шеті, Үндістанда британиялық Шығыс Үнді компаниясы орнығып, соның арқасында Үндістан «Империялық тәждің асыл тасына» айналды. Уинстон Черчилль бұл соғысты бірінші дүниежүзілік соғыс деп атады,[4] себебі ол адамзат тарихындағы бүкіл жер шары бойынша жүргізілген соғыс болды (соғысушы жақтардың көбі еуропалық мемлекеттер болса да). Өздерінің империяларын үлкейтумен айналысып жатқан Англия мен Франция арасындағы әскери жанжал болғандықтан, кейде оны екінші Жүз жылдық соғыс деп те атайды.[5]

Бұл соғыс Пруссия патшасы Ұлы Фридрихтың Саксонияға шабуылымен басталды.

0
2051
1