Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
04:17, 26 ноября 2010

Қуан, қазақ! Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Blog post image

Жаңа жыл деген мереке бар. Оны бәріңіз білесіз.  Осы бір   мереке желтоқсан тақала бере қала мен далада  "шыт көйлегін киініп" шыршаланып шыға келеді. Қазақ билігі де жаңа жыл дейтін мерекенің тарихына үңілуді бір сәтке ойлаған емес. Ойлағаны былай тұрсын, қаперіне де кіріп шықпайды. Керісінше, тойдан құр қалардай әкім-қаралар білек сыбанып кірісіп кетеді. Ал, Алаш жұрты үшін екі дүниеде теңдесі жоқ, атаның қаны, ананың көз-жасымен келген Тәуелсіздік күні шыршаның шалғайында қалып келеді. Билігі былқ етпесе де, қазақ үшін қасиетті ай саналатын желтоқсандағы аса мәртебелі ұлттық мерекеміздің алдын  жаңа жылдың орап кете беретініне қазақ қоғамының іштей қарсылығы күшейіп келеді. Қоғамның талабы - басты талап.

Міне, биыл да үлкенді-кішілі ұлықтар шыршалардың шамын жағып мәз болып жатыр.

Құрметті, асылтекті Алаштың мәңгі жасар ұрпағы! Ұлы даламыздағы ең ұлы мерекеміз -алдағы Тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! «Abai.kz» порталы арқылы ел-жұртты, ағайын-туысты, барша қазағыңызға құтты болсын айтыңыз!

«Абай-ақпарат»

1
1687
0