Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
17:45, 03 декабря 2020

Өнерге баулу ордасы – ҚазҰУ

… Өмірбек Жолдасбеков атындағы студенттер сарайынан ұнжырғам түсіп келе жаттым. әл-Фараби кітапханасына барар жолдағы дем алатын орындардың біріне домбырамды жаныма қойып жайғастым. Қатты ойға шомып кеткендіктен бе екен жаныма келген кісілерді байқамай қалыппын.

-Домбыра тарта аласың ба? - деген дауысты естіген соң ғана жалт қарадым. Алдымда өзіміздің ҚазҰУ-дың ректоры Ғалымқайыр Мұтанов ағаймен бірнеше кісі тұр екен.

- Домбыра сенікі ме? Біздің оркестрде барсың ба?

Мен сәл абдырап қалдым да: - Иә, иә – дедім.

-Бір күй ойнап берші?

Сөзге келместен домбырамды қолыма алдым да Нұрғисаның «Әлқиссасын» ойнап бердім. Күйді орындап болған соң ректорымыз қол шапаттаған күйі: - Көбіне студенттердің гитарада ойнап отыратынын көруші едім. Ал сен өзіміздің қара домбырадан күй шертіп отырсың. Жарайсың! Ризамын! – деп лебізін білдіріп кетіп қалды. Ұнжырғам түскен кейпімнен лезде арылып қуанышқа бөлендім. Басшы адамның өнерге деген ыстық ықыласы мен құрметіне риза болдым. Қара шаңырақта небір таланттардың жұлдызы жануына зор қолдау көрсітілетініне өз көзім жетті.

Тарихқа көз жүгіртсек, ҚазҰУ-дан Зейнолла Қабдолов, Әбіш Кекілбаев, Қадыр Мырза Әли, Мұхтар Мағауин, Дулат Исабеков сынды қоғамға еңбегі сіңген қайраткерлер өзім оқитын филология факультетін бітіріп шыққан. Одан бөлек спорт, өнер,ғылым салаларында да саңлақтар аз емес. Мұхтар Әуезов, Рабиға Сыздықова, Зейнолла Қабдоловтай профессор-ғалымдарымыз дәріс оқыған университет қабырғасында әлі де талай ғалым, өнерпаз жандардың легі толассыз шығатынына менің сенімім мол.

2019 жылы көрерменге жол тартқан «Томирис» кино фильмінде басты рольді сомдаушы Альмира Тұрсын аз уақыт ішінде елдің сый-құрметіне бөленіп үлгерді. Альмира ханым біздің ҚазҰУ-дың экономика және бизнес жоғары мектебі факультетінің түлегі болатын. ҚазҰУ студиясы атты бағдарламаға келіп, студенттермен өткізген ашық әрі қызықты сұхбатында:

-Жүргенов - өнерпаздарды даярлаушы мықты академия. Дегенмен тарихи тұлға Томиристі Жүргеновтен таба алмады, бірақ ҚазҰУ-дан тапты,- деп әзіл-шыны аралас пікірін білдірген. Осындай астарлы әзіл арқылы оқу ордамыздың беделін біршама айқындап берген еді.

Өнер - адамдарды тәрбиелейтін құрал болса, Қазақ Ұлттық Университеті – студенттерді сол өнерге бейімдейін орда.

Мұхтар Тоқжан

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

Филология және әлем тілдері факультетінің

2-курс студенті

Әдеби кеңесші: Талғат Бекболатұлы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушысы, докторант

0
558
0