Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
20:45, 12 ноября 2010

Шығыс Қазақстанда ауыл аттарын қазақшалауға жергілікті тұрғындар қарсы

Blog post imageШығыс Қазақстан облысы мәслихат депутаттары облыстағы ауыл аймақ аттарын қазақшалау мәселесін көтерді. Қазіргі таңда арнайы құрылған ономастикалық комиссия нақты төрт ауылға тарихи тұлғалардың атын беруді жоспарлап отыр. Комиссия аймақтағы Семеновка, Ново-Андреевка, Покровка, Сосновка атты төрт елді мекенге қазақша атау беру мәселесін көтерді. Оларды қазақшалау бұрынғы тарихи атауларына негізделе отырып жасалатынын айтады. Мәселен, Семеновка ертеде Қарабас, ал Сосновка бұрындары Ерназар деп аталған дейді. Депутаттар бұл ұсынысты бір ауыздан қолдады. Бірақ мұндай шешім орыс тілді өлкетанушыларды аса қуанта қоймапты. Павел Жуков мал бағып, отырықшылықты білмеген кезбе елде, қайдан тарихи атау болсын деп шамданды.

"Бұл жерде ешқандай да елді мекен болмаған. Көшпенді жерлер ғана болған, көшіп қонып, мал бағып жүре берген. Ал тұрақты мекендер болмаған!" - дейді өлкетанушы Павел Жуков.

Статистикаға жүгінсек, Өскемен қаласында жеті жүзге жуық көше болса, оның басым бөлігі қазақша аталмайды. Есесіне, жеті "Центральный", төрт "Хмельницкий", үш "Кутузов" кқшесі бар.

"Табақ" қорының президенті Мұхтар Тайжан мұндай үрдіске түбегейлі қарсы, депутаттардың ұсынысы кеш жасалды деп есептейді. Оның пікірінше, тәуелсіздіктің 20-шы жылы болса да жергілікті халық Қазақстанның емес, Ресейдің азаматындай сезінеді. "Өскеменде Шоқан Уәлиханов, Бауыржан Момышұлы, Ыбырай Алтынсарин атында көшелер жоқ. Геннадий Колбин бар да, Дінмұхамед Қонаев жоқ. Бұл әрине дұрыс емес. Депутаттардың қазақшалау туралы шешімін әбден қолдаймын. Сосын ономастика жай мәселе емес, ол маңызды ұлттық саясат. Қазақстан ұлттық мемлекет", - дейді Мұхтар Тайжан.

Бұл уақытта атауы өзгертілетін ауылдардың тұрғындары ат ауыстырудағы қағаз бастылық, рәсімдеудің қиындықтарынан жапа шегеміз деп қауіптеніп отыр.

0
2227
0