Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:51, 05 ноября 2010

Мұстафаның мүсіні - еуропа төрінде

Blog post image

Blog post image

Қазақ халқының біртуар мемлекет қайраткері, ірі саяси тұлғасы Мұстафа Шоқайға арналып  Францияда саябақ ашылып, мүсіні қойылды. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазан айының 27-28 күндері Францияға барған сапары кезінде Мұстафа Шоқайға арналған саябақ оның мүсіні сомдалға ескерткіштің тұсаукесері рәсімі өткізілді. Тұсаукесерді Қазақстан атынан Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Франция атынан саябақ орналасқан Ножан ауданы әкімінің мәдениет жөнінде жауапты орынбасары Мадам Томе жасады.

Өз сөзінде Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Мұстафа Шоқайды қазақ демократиясының атасы деп сипаттай келіп, бүгінгі тұсаукесерді елбасының тапсырмасы бойынша іске асырып отырғандығын атап өтті. Мұстафа Шоқайдың тек қазақ халқы үшін емес, күллі Орталық Азияның, атап айтқанда Түркістан халықтарының саяси тәуелсіздігі үшін атқарған қызметтерін атап өткен Құл-Мұхаммед ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер оны пайдаланбақ болғандығында атап көрсетті. « Бірақ, - деді ол, - Мұстафа Шоқай фашистермен істес болуға үзілді- кесілді қарсы болды. Ақыры, Берлин қаласында қайтыс болды. Оның өлімі де жұмбақ өлім. Фашистердің қастаңдық жасап өлтіргендігі туралы деректер бар. Шоқай Францияны екінші отаны ретінде көрді. Оның Париж қаласына деген махаббаты ерекше болды. Сондықтан бүгінгі іс-шара әділдіктің салтанат құруы болып табылады. »

Министерден кейін сөз сөйлеген Франция - Қазақстан парламенттік достық тобының төрағасы, депутат Тери Мария осындай іс-шараға қатысып отырғаныма қуаныштамын, деді. Ол өз сөзінде одан әрі : « Осы күнде екі елдің президенттері кездесу өткізіп екі ел байланстарын күшейтудің жолдарын қарастыруда. Қазақстан мен Франция арасында байланыстардың орнауына көп жыл болды. Өзім Қазақстан - Франция парламенттік достық тобын басқарып келемін. Сонымен қатар, Францияның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық  ұйымындағы өкілімін. Қазақстанның 2010 жылында оған төрағалық етуі үлкен жетістік. Қазақстанда 20 рет болып қайттым. Биыл Мұстафа Шоқайдың 120 жылдығына орай Францияда екі мәдени шара орын алады. Оның біріншісі міне, біз куә болып отырған Мұстафа Шоқай саябағы мен мүсінінің ашылуы. Ал екіншісі болса, біз Франция парламенті ретінде тұңғыш рет Қазақстан туралы бір кітаптың француз тіліне аударылып осында жарық көруіне демеуші болып отырмыз. Ол кітап Әбдіуақап Қараның Мұстафа Шоқай атты еңбегі. Ол кітаптың аударма жұмыстары бітіп қалды. Жыл аяғына дейін баспадан жарық көретін болады. Сөйтіп, француздар Мұстафа Шоқайды білетін болады. Франция - Қазақстан байланыстарды көбінесе саясат пен саудаға негізделіп отыр. Осы орайда мәдени байланыстардың көбейгені дұрыс. Біз биыл іске асырып отырған Шоқайға мүсін қойу және кітап шығару екі ел арасындағы мәдени байланыстарды күшейте түспек. », деді.

Париж қаласы Ножан ауданындағы тұсаукесер рәсімінде Қызылорда әкімінің орынбасары Мұрат Мұхаммед, Қызылордадағы Мұстафа Шоқай қорының президенті Базарбай Атабай және Мұстафа Шоқай Француз - Қазақ достық қоғамының төрағасы Көпжасар Дініш сөз сөйледі.

Қызылордалық мүсінші Амангелді Кененбай тарапынан сомдалған саябаұтағы Шоқай мүсінінде француз тілінде « Мұстафа Шоқай 1890-1941 тәуелсіздік күрескері » деп жазғылған. Ал мүсіннің аяқ жағында « қазақ халқы тарапынан 28/10/2010 » делінген сөздерге орын берілген. Ножан әкімінің мәдениет жөніндегі жауапты орынбасары Мадам Томе мүсіннің өздеріне қатты ұнағандығын тұсаукесерден бірнеше күннен кейін Мұстафа Шоқай француз-қазақ достық қоғамы төрағасы Яшар Дініш мырзаға атап өткен. Ол мүсіннің қала әкіміне және қала тұрғындарына да қатты ұнағанын, Қазақстан мүсін өнерінің деңгейінің жоғары екенін осыдан байқап отырғандықтарын да тілге тиек еткен.

Паркке Қызылордадан әкелінген екі талдың біреуін Мәдениет және ақпарат министрі Құл-Мұхаммед, екіншісін депутат Тери Мариян отырғызды. Қызылордағы Мұстафа Шоқай қорының президенті Базарбай Атабай болса, паркке Мұстафаның туған жерінен әкелген бір уыс топырақты салды.

Тұсаукесерден кейін Шарл дө Гол залында фуршет, Мәулана атындағы мешітте сауабы Мұсатфа Шоқайдың аруағына бағышталып Құран хатым оқытылды. Содан соң келген қонақтарға ас берілді.

Ножан қалашығы әкімі Жалқ Мартан мырза Қызылорда әкімінін орынбасары Мұрат Мұхаммедке екі ел арасындағы байланыстарды одан әрі күшейту үшін тек Шоқайдың ескерткішін ашумен шектелуге болмайтынын, бұдан кейін Ножан қалашығына қазақтың музыка, театр өнерлерін сапарлатып, қазақты француз халқына түрлі қырынан таныстырып тұрудың қажеттілігін баса көрсетті.

Сонымен туғанына 120 жыл толуына байланысты Мұстафа Шоқайға арналып Францияның астанасы Парижде парк ашылып оның мүсіні қойылуын тарихи уақиға деп атауға толық негіз бар. Өйткені, еуропада тұңғыш рет қазақ халқының тарихи тұлғасына мүсін орнатылып отыр. Мұның өзі кездейсоқ болып отырған жоқ. Өзін бостандықтар, теңдіктер және бауырластықтар елі ретінде көретін Франция ХХ ғасырдағы мемлекеттердің асылы ретінде Шоқай сынды азаматтарда туған отандарының тәуелсіздігі, халықтарының бостандығы үшін саяси күрес жүргізулеріне жағдай жасаған еді. Ал, Мұстафа Шоқай болса, тек саяси ой- өрісінің биіктігімен ғана емес, сонымен қатар адалдық, отансүйгіштік және адамгершілік сынды қасиеттерімен де танылды. Сөйтіп, ол француз халқына өзінің тұлғалық қасиетін таныта білді.

 

Әбдіуақап Қара

Шоқайтанушы,

Ыстамбұлдағы Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры

http://abai.kz

0
1130
0