Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
11:39, 01 ноября 2010

Кеден сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуде

Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті Ішкі қауіпсіздік бөлімі мен департаменттің жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлықты айқындау және оның алдын алу мақсатында бірнеше ықпалды шараларды атқаруда. Бүгінгі таңда департаментте кеден саясаты жөнінде қоғамдық консультативтік кеңес құрылып, оның құрамына «Нұр Отан» ХДП мен орта және кіші бизнес өкілдері енгізілді.
Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылдың тоғыз айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша департамент қызметкерлеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне сәйкес 3 қылмыстық іс қозғалған. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын 2 құқық бұзушылық анықталған. 21 қызметтік тергеу жүргізіліп, олардың қорытындысы бойынша 22 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылып отыр.
Кедендік бақылау департаментінің Ішкі қауіпсіздік бөлімінің жауапты мамандары хабарлағандай, бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықты айқындау, оның алдын алып, түбірімен жою мақсатында аталмыш бөлім мен Департаменттің жеке құрамы арасында заң шеңберінде жалпыға міндетті түрде дәріс берілуде. Одан басқа сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында кеден төлемі мен салық төлейтін POS-терминал енгізіліп жұмыс жасауда және тауаржолдау қолхаттарында сейф-пакеттер қолданылуда. Департаментте және кеден бекеттерінде кеңестік ақпараттар беру орындары жұмыс жасауда. Аталмыш пункттердің негізгі қызметі – кеден саласында ақпараттық, кеңестік қызмет көрсету. Кеңестер тегін негізде көрсетіледі.
Ақпараттық консультативтік орындарында азаматтар кеден қызметкерлерінен заң шеңберінде өздеріне қажетті ақпараттарды толығымен ала алады.
М.ШАПХАТҚЫЗЫ.

0
371
0