Тенденция айқын: Қазақстанға «цифрлық дәуір» не береді?

5352
9
0
37

«Самұрық-Қазына» Қорының белсенді қатысуымен биылғы жылдың басынан елімізде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы іске қосылды.

Бұл еліміздің барлық өңірінде қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған ауқымды жоба. Цифрландыру мемлекет өмірінің, қоғамның және бизнестің барлық қырын қамтиды. Шығындарды төмендету, барлық деңгейдегі шешімдерді қабылдаудағы ашықтық, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен арылу – мемлекеттік басқару мен бизнестегі заманауи цифрлық жүйелерге көшудегі артықшылықтың бір бөлігі ғана. Мұның әсері зор, ол көптеген елдің тәжірибесімен дәлелденген. Ең қарапайым есеп бойынша «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мемлекетке екі триллион теңгеден астам кіріс кіргізеді.
Бүгінде цифрлық білім негіздерін үйретумен, оны шағын және орта бизнес нысандарына енгізу бойынша бірқатар бастама мен бағдарламалар «Самұрық» еншілес кәсіпорны «Самұрық-Қазына траст» әлеуметтік қорының тікелей қатысуымен еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асып жатыр. Цифрландыру жөніндегі жұмыстарға дәл мұндай құрылымдардың қатысуы кездейсоқ емес: экономикалық тиімділік пен бәсекеге қабілеттілікті арттырудан басқа, цифрландыру әлеуметтік саланы дамытуға оң әсер етеді. Білім берудің, денсаулық сақтаудың және инвестициялық ортаның сапалы дамуының жалпы тиімділігі тек адамдар үшін ғана емес, көптеген дамыған елдің тәжірибесі көрсеткендей, орта мерзімді перспективада экономиканың қарқынды өсуі болып табылады. Өйткені, білімді және салауатты ұлт қосылған құны жоғары технологиялық өнімнің өндірісін дамытып, заманауи инновациялық экономиканы құра алады. Экономиканың салаларын цифрландыру Қазақстанға дамыған елдермен әлеуметтік-экономикалық алшақтықты едәуір қысқартуға әрі дамушы елдердің арасында көшбасшылардың бірі болуға мүмкіндік береді.
Бұл меже соншалықты алыс емес екендігін Қазақстанның жаһандық «цифрлық» рейтингтердегі қазіргі орнымен бағалауға болады. Мұны кездегі позициямыз дәлелдейді. Жарты жыл бұрын 63 елді қамтыған Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMB) мамандары жасаған цифрлық бәсекеге қабілеттілік рейтингісі жарияланды. Сол рейтингке сәйкес, Қазақстан цифрлық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 38- орында, ал Ресей 40- орынға жайғасқан. Ал 3-4 жыл бұрын біз 40-орыннан айтарлықтай төменде едік.
Тенденция айқын.
Ad

Rate post

37

Comments

Login to comment