• 76832
  • 16
  • 9
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Газет айдарларының лексикалық, лингвостилистикалық құрылысы.

Газет айдарлары (рубрикалар)-газеттің ішкі құрылымынан хабардар ететін, оны танытатын басты компоненттерінің бірі. Айдаралар қызметі жағынан негізгі және арнаулы болады. Бірнеше газет типтеріне ортақ жалпылама және бір ғана газет типіне тән, соған ғана лайық арнайы айдарлар да ұшырасады.

Айдарлар құрылымы жағынан тұтас, бір ғана мәселеден хабар береді. Мысалы, «Қазақ» газетінде «Сыртқы хабарлар», «Ішкі хабарлар», «Оқшау сөз», т.б. айдарларының әрқайсысы берер хабарының шығу тегін (ішкі, сыртқы) немесе өзгелерге ұқсамайтын оқшаулығын аңартып тұр. «Қазақ» газетіндегі «Сыртқы хабарлар» қазіргі газеттердің көбіне тән «Шетел жаңалықтары» рубрикасына сәйкес. 1913-1918 жылдары «сыртқы» сөзінің орнына «шетел» сөзін пайдаланса, әрине, оқырманға түсініксіз болар еді. Яғни, бұл жерде оқырманның қабылдау деңгейіне лайықты «сыртқы» лексемасы таңдалынып алынып отыр. «Қазақ» әуелі «Европа», «Азия» және олардағы түрлі «патшалықтар» туралы сериялы танымдық бағытта жазып, ондаған мақалалардан кейін ғана «Европадан хабар» атты айдар пайда болды. Мұның өзі газеттің біраз уақыт дайындық іспетті жасаған іс-әрекетінің нәтижесі, оқырман көзқарасы көкжиегінің кеңи түскендігінің көрінісі, газет лексикасында оқырманның әлеуметтік деңгейіне байланысты өзгеріс пайда болғандығының айғағы.

Бірнеше газет типтеріне ортақ рубрикалар мемлекеттік дәрежеде көтерілген саяси, әлеуметтік мәселелердің газеттердің насихатталуы барысының көрсеткіші сынды дүниеге келіп отырады. Айталық, 1980-жылдарғы газеттерге партия, оның саясаты, мемлекет басшыларының позицияларынан туындайтын, әр түрлі көзқарастарды аңғартатын айдарлар ортақ болып келді. Сол тұстағы айдарлардың көбі бейтарап лексика элементтерінің қатысуымен жасалған, құрылысы қарапайым. Мысалы, «Съезд мінберінен», «Делегаттар сөйлейді». Бірнеше газет типтерінде ұзақ жылдар бойы мезгіл-мезгіл көрініп отыратын айдарлардың бірнешеуіне тоқталайық. Мәселен, «Алтын орақ», «Алтын дән», «Егін орағы-...» деп аталады. Бұлардың алдыңғы екеуі бағалауыштық қасиеттке ие болса, соңғысы- бейтараптанған лексикалық элементтерден тұрады. Бейтараптанған лексикалық элементтерлер туралы М.Белбаева былай дейді: «Барлық стильде бірдей қолданыла беретін стильдік бейтарап сөздердің тобына негізгі сөздік қордағы сөздер енеді. Мысалы: тау, жер, су, үй, киім, жүру, тыңдау, сөйлеу, ақ, қара, көк, мен, сен, т.б. Стильдік бейтарап сөздер күнделікті өмірде жиі және жалпылама қолдану қасиетімен сипатталады» (26,63). Яғни, бейтараптану үшін бағалаушылық қасиет болмау керек екен. Затқа, оның сапасы мен санына іс-әрекетке айтушы немесе жеткізуші баға бермейді, жай ғана хабарлайды. Мұндай бейтараптанған айдарлардың құрамы көбіне қарапайым, сөз, сөз тіркесі түрінде болады. Мысалы: «Тәртіпті кеңес іс үстінде»(19.09.98) дегенде, тәртіптік кеңес ісіне баға берушілік, бағалау тұрғысында көзқарас білдіру қасиеті мүлде жоқ, информация ғана беріліп тұр. Көзқарасты бейтараптандыру, уақыт пен көлем жағынан ұта түсу, мақсатынан туындаған мұндай синтаксистік құрылымдар газет бетінде жиі қолданылады. Оған мысал ретінде «Бүгінгі номерде», «Бүгінгі оқитындарыңыз», «Баспасөз баршаға», т.б. айдарларды келтіруге болады. Газетте, жарнама жиі кездесетін эллипсистенген сөйлемдер контексті тұтас алып қарастырғандағы дәл сондай сөйлемдерден ерекше болып келеді. Өйткені, контест ішіндегі (бұл жерде кең көлемдегі контекст) эллипсис сөйлем мен өзінің алдындағы немесе өзінен кейін келетін бірнеше сөйлем арқылы, сол сөйлемдердің мазмұны арқылы ашылады, толығады.

Ал зерттеуші З.Ш.Әділова кейбір тілдік конструкцияларды неғұрлым динамикалы конструкциялармен алмастырудың нәтижесінде эллипсистенген тұлғалар пайда болады деген  ой айтады(134). Газет тілі айдарларында кездесетін эллипсис тұлғалар табиғатты осы пікірмен сабақтасып жатыр. Қазақ газеттерінің, сонымен бірге көркем шығармалар тақырыптары мен жарнамалардың эллипсис түрінде келуін тек орыс тілінің әсері деп

Жоғарыда келтірілген мысалдардағы бейтарап лексикамен берілген айдарларға қарама-қарсы бағалауыштық мәндегң айдарлар саны да жеткілікті. Мысалы: «Оқшау сөз», «Серке сөз», «Дені саудың – жаны сау» (AA.,1998) т.б.

Бір ғана газетке тән арнайы айдарға «Жетісудың сауалнамасы» сынды қолданысты мысалға келтірер едік (Ж.,1998 ж.).

Айдарлар тілінің синтаксистік құрылысы, айтып кеткеніміздей, аса күрделі болмайды. Мысалы:

  1. Кейде адам аттары атау тұлғада тұрады. «Абай және біз» (Ж.,13.08.98). Сондай-ақ, абстрактілі ұғымға құрылған «Ата жұрт – алтын бесік» айдарын да осы аталған құрылысқа жатқызуға болады.
  2. Атаулық тіркес түрінде келетін айдарлар «Қазақтағы» ең өнімді және ең ұтымдылары болған деп есептейміз. Атаулық тіркес термині ғалым, профессор С.Исаевтың қаламына тән. Мысалы: «Оқшау сөз», «Серке сөз» «Қазақ» газетіндегі «кезекші» айдарлар, яғни қолданыстан үнемі түспеген рубрикалар. «Серке сөз» айдарымен Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов, кейде Әлихан Бөкейханов қаламынан туындаған мақалалар беріліп отырған. Кейін дәл осы құрылым сол күйінде «Ана тілі» апталығында қайта түледі. Қазір көптеген басылымдар бетінен ұшыратуға болады.

Осы үлгідегі айдарлар «Ұсыныс хат», «Жұмыр жер» (Ж.,13.08.98), «Суыт хабар» (Ж.,18.08.98), «Ақжолтай хабар» (Ж.,18.07.98), «Сүйінші дана» (АТ.,13.09.91).т.б. Мысалы, «Жұлдыз жорамал» (ЕҚ.,29.09.98) айдары кез-келген басылымда кездеседі, себебі де жоқ емес, мақсат – оқырманды тарту, қызықтыру. Осы көрсетілген рубрикалардың ішінде «Суыт хабар», «Ақжолтай хабар» сияқты тіркестерде бағалауыштық сипат басым. Қалғандары – бейтараптанған. Сондай-ақ «Оймақтай ой» (ЕҚ.,17.07.98) айдары экспрессивті-эмоционалды лексикамен құрылған. Осы типтес «Сөз төркіні», «Өткір сұрақ», «Жан басылым» - «Ана тілі» апталығында жиі ұшырасатын айдарлар.

  1. Қос сөз түріндегі айдарлар: «Өлең-жыр» («Қазақ»), «Ақшам-ақпарат» (АА.,21.08.98), «Нарық-саясат», «Көші-қон» (Ж.,18.08.98) т.б. компоненттері мағыналарын жоғалтпаған дербес сөздердің қосарлануының нәтижесінде пайда болған. Бірақ мұндай айдарлар кез келген сөздердің қосарларуынан жасалмайды, компоненттер көбіне қоғамдағы актуальді құбылыстар мен ұғымдар атаулары болып келеді де, күрделі сөз қосарлану нәтижесінде екі сөздің де негізгі семаларын жинақтап бере алады. «Сөзбе-сөз» (АА.,10.08.98) айдарында айтар ойды дәл, нақты, айнытпай бере тұратындығынан хабардар ететіндей экспрессия бар.
  2. Септік жалғаулармен келген айдарлар:

а) Жатыс септік жалғауымен: «Республикалық қазақ тілі қоғамында» (АТ.,30.05.91), «Жергілікті ұйымдарда» (АА.,16.05.91), «Тіл тағылымы университетінде» (АА.,09.05.91), «Тәртіптік кеңесте» (Ж.,18.09.98), «Жол полициясында» (Ж.,18.08.98), «Дөңгеленген дүние үйіңізде», «Бір шаңырақ астында» (АТ.,07.03.91), «Жұмыр жерде теңбіл доп» (Ж.,18.07.98) т.б. Осы сынды айдарлар баяндалатын оқиғаның, болған немесе болатын істің мекенін білдіреді.

ә) Шығыс септік жалғауымен: «Басқармадан» («Қазақ»), «Басқарма қоржынынан», «Ел аузынан» (АТ.,07.03.91), «Аулақтан сұхбат» (АТ.,21.03.91), «Көңілден шыққан көрікті сөз» (АТ.,03.01.91), «Оқырман хаттарынан» (АТ.,10.08.98) т.б.

б) Барыс септік жалғауымен: «Оқырман назарына» (АТ.,14.04.91), «Қаламдастарға құлаққағыс» (АТ.,28.02.91), «Талдықорған облаткомының назарына» (АТ.,14.02.91), «Республикалық «Қазақкітап» кітап саудасы бірлестігінің назарына» (АТ.,14.01.91), ««Ана тіліне» хат» (АТ.,07.01.91), «Қазақ КСР Жоғары Кеңес сессиясының назарына» (АТ.,03.08.91), «Шаңыраққа – 50 жыл» (Ж.,18.08.98), «Білгенге маржан» (АТ.,21.03.91). Барыс септігі қатысуы арқылы жасалған эллипсис тұлғалардың оларға деген зәрулік пен тілдің үнемдеу заңы нәтижесінен туындайтындығын аңғаруға болады. Сондықтан да, біздің ойымызша, кейбір зерттеушілер айтып жүргендей, эллипсис тұлғалардан тек қана орыс тілінің әсерін іздей берудің жөні жоқ. Айталық, «Білгенге маржан» конструкциясы орыс тілі әсерімен дүниеге келді деп қалай дәлелдеуге болады. Керісінше, ұлттық колорит, ұлттық бояу ашық байқалады дер едік. Өйткені, қабылдаушы (адресат) осы айдардың мәнін анық түсінуі үшін қазақтардың психологиясы мен мәдениетінен хабардар болуы тиіс.

Көптеген мысалдардың айдарларың көбі экспрессивті-эмоционалды болып келеді, ал ресми элементтермен келген рубрикалар аз ұшырасады. Яғни, газет айдарларының мазмұны мен мәні, лексикасы оның типіне бағындырылып тұр.

Біздің байқағанымыздай, экспрессивті-эмоционалды лексика бірліктерімен жасалған айдарлар дені әр нөмір сайын қолданылған «кезекші» рубрикалар. Мысалдар «Ана тілі» апталығының 1991 жылғы қаңтар-желтоқсан айлары арасындағы нөмірлерінен алынды.

Енді «Егемен Қазақстан» газетінің 1998 жылғы 17 шілде күні айдарларына назар аударайық: «Президент почтасынан», «Сұхбат», «Шарайна», «Қазақстан Республикасының заңы», «Тәртіптік кеңесте», «Алыпқашпа сөздің ақиқаты», «Семинар», «Дін – дәстүр діңгегі», «Ғалым. Ғылым. Ғасыр», «Дөңгеленген дүние үйіңізде», «Замандас», «Оймақты ой». Айдарлардың өзінен-ақ бұл газеттің типін аңғаруға болады, олар түгелдей дерлік қоғамдық-саяси лексика элементтерінен құрылған. Тек «Оймақты ой»,   «Дөңгеленген дүние үйіңізде» айдарларына ғана эмоциялық мән үстемеленіп тұр. «Дөңгеленген дүние үйіңізде» айдарымен апталық теледидар программасы беріледі. Бұл мысалдарда газет типінің газет айдарына әсері, қоғамдық-саяси басылым болғандықтан, оқырманның ой-өрісі, деңгейі, әлеуметтік сұранысы мен олардың нені талап ететіндігін түсініп, соны қанағаттандыруға бағытталғанын көреміз.

«Жетісу» газетінің бір күнгі (1998 жылғы тамыздың 18-күнгі) нөмірінде: «Ресми хабарлар», «Біздің миллионерлер», «Көші-қон»ғ «Қосымша табыс көзі», «Жүрген аяққа жөргем ілінеді», «Тарихтың ащы сабақтары», «Біратар», «Жол полициясында», «Шаңыраққа – 70 жыл», «Суыт хабар», т.б. сынды рубрикаларды кездестірдік. Жоғарыда айтқанымыздай, газеттің осы типіне тән лексикалық ала-құлалық, стильдік әртүрлілік бұл газеттің бетінде әбден орын алған, өйткені газет типі, типіне байланысты аудитория сұранысы осы. Оқырман құрамы әр алуан, оның деңгейі мен әлеуметтік сұранысы да сан әртүрлі. Айталық, «Ресми хабарлар», «Көші-қон», «Қосымша табыс көзі», «Тарихтың ащы сабақтары», «Жол полициясында» қоғамдық-саяси лексиканың қатысымен, «Суыт хабар» ауызекі сөйлеу стилі негізінде жасалған. Демек, газеттегі хабарлар мазмұнына айдар атаулары семантика-стилистикалық тұрғыдан бағынышты.

Айдарлар негізінен төл тілдік элемент арқылы жасалады да, кірме сөздердің проценттік мөлшері өте аз болып келеді. «Ана тілі» газетіндегі 1991 жылғы 40-қа жуық айдардың 36-сы таза төл тілдік элементтерден құралғанын келтірілген мысалдардан анық көруге болады.

Синтаксистік құрылысы жағынан айдарлар көбінше сөз тіркесі күйінде келеді де: тәртіптік кеңесте, оймақтай ой, ел аузынан, алтынның сынығы, тілбұзарлар тұғыры, сүйінші дана сияқты тіркестерде байланысу тәсілдерінің барлық түрі қамтылған. Аяқталған ойды білдіретін сөйлем түріндегі айдарлар да біршама: Ұлт болсам десең, ұрпағыңды ойла; Төл әліппе ата жазуымызды үйренейік; Ақылдасайық, ағайын; Айтылмаса сөз өледі; Дін – дәстүр діңгегі; Жүрген аяққа жөргем ілінеді, т.б.

 

kz_zez
29 декабря 2010, 19:31
4523

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

Министерство труда и соцзащиты провело через парламент очередной крайне неоднозначный закон, который может вызвать всплеск недовольства в стране.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 11:17
  • 22648
  • 19
«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

Заранее отпишусь, данный пост не является попыткой оскорбить собственную нацию) Как говорится о вкусах не спорят, каждому свое.
Bonittta
16 нояб. 2017 / 14:28
  • 11582
  • 341
Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Как сообщает телеканал КТК, только за последние девять месяцев Казахстан покинули 28200 человек, из них почти пять тысяч инженеров, около 2700 экономистов и 1700 учителей.
openqazaqstan
вчера / 11:00
  • 5546
  • 39
Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Подтверждаются худшие предположения, циркулирующие в соцсетях. Периодические исчезновения детей в разных регионах Казахстана объясняются не только семейными проблемами и «синими китами».
openqazaqstan
16 нояб. 2017 / 15:46
  • 5716
  • 54
«Думай как британец»: 8 вещей, которым я научилась в Великобритании

«Думай как британец»: 8 вещей, которым я научилась в Великобритании

Как два года в Великобритании изменили мою жизнь. Несколько простых вещей, которые могли бы сделать нашу жизнь лучше.
goribaldi
13 нояб. 2017 / 16:51
  • 3974
  • 28
Мой личный рейтинг женщин: от пуританки до содержанки

Мой личный рейтинг женщин: от пуританки до содержанки

Сегодня предлагаю вашему вниманию мой личный рейтинг женщин. А вот я хочу быть домохозяйкой, правда, не пахать дома, а хозяйничать.
Mysli_v_Sluh
13 нояб. 2017 / 15:00
Российским женщинам нужны казахстанские мужчины?

Российским женщинам нужны казахстанские мужчины?

Отдельные инициативы некоторых российских чиновников вызывают в Казнете приступы просто-таки гомерического ржача. Женщин в регионе – пруд пруди, а вот мужчин, с которыми они могли бы создать семьи, не хватает.
openqazaqstan
14 нояб. 2017 / 15:55
  • 2504
  • 18
Поездка на заработки в Южную Корею: пройти таможню и не стать персоной нон грата

Поездка на заработки в Южную Корею: пройти таможню и не стать персоной нон грата

Между нашими странами действует безвизовый туристический режим до 30 дней. Но на таможне не "туристов" разворачивают назад с пожизненным запретом во въезд в их страну. Однако пройти паспортный контроль вполне возможно.
Krykbayeva
12 нояб. 2017 / 14:38
  • 2739
  • 46
Система госинститутов Казахстана напоминает очень дорогое казино

Система госинститутов Казахстана напоминает очень дорогое казино

Сегодня в прессу просочились детали скандальной сделки ЕНПФ с «мусорными» облигациями ТОО «Бузгул Аурум», о которой уже подробно рассказывалось в начале года.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 16:13
  • 3012
  • 21