Yvision.kzYvision.kz
kk
Советы и лайфхаки
Советы и лайфхаки
410 постов497 подписчиков
Полезные советы хозяйкам и хозяевам
1
10:52, 29 сентября 2018

Бақыттың кілті

Д.Сибери есімді жазушы: «Біз үлкендер әлеміне өмірлік сынақтарға дайын болмай қадам басамыз». – деген екен. Балалар мектеп бітіріп, ата-анасынан бөлек шыққаннан соң көптеген қиындықтарға тап болады. Ол: ақша табу, мансап құру және кіммен араласу керектігін ажырата білу. Жалақысы төмен жұмысқа орналасып, көбі ол ақшаның өмір сүруге аздық ететіндігін түсіне бастайды. Отбасын құрып, балалы-шағалы болғаннан соң материалдық жағынан тәуелді болады. Оның үстіне, бір нәрсеге деген қажеттілік пен жетіспеушілік туындайды. Мұндай адамдар, нәтижесінде, депрессияға ұшырайды. Статистика бойынша ауру адамдардың жартысы – күйзеліске төтеп бере алмағандықтан жүйке жүйесі бұзылан адамдар. 

Ер адамның әңгімесі.

Мен кедейшілікте өстім. Көкөніс дүкенінде сатушының көмекшісі болып 8 жыл жұмыс істедім. Отбасымыз 8 адамнан тұрады. Біздің негізгі табыс көзіміз – менің аз ғана жалақым. Бір күні, өзімді қолға алып, батыл қадам жасап, жеке бизнесімді ашып, үлкен жетістіктерге жеттім. Бірақ, бірде, танысым менен көп ақша қарызға алады. Ол болса банкротқа ұшырайды. Несиелерді жабу үшін мен кәсібімді сатып, қарызға баттым. Жүйке жүйем бұл сәтсіздіктің барлығына шыдай алмай, мен ауырып та қалдым. Тамақ батпай, су іше алмай, ұйықтай алмай, түсініксіз бір ауруға душар болдым. Бір күні көшеде келе жатып, басым айналып, талып түстім. Мені жедел жәрдем даладан тауып, алып кетті. Ауруханада жағдайым нашарлап, денемді жара басып, күн сайын әлсірей бастадым. Ақыр аяғында, дәрігер маған аз өмір қалғандығын айтты. Ауруханадан шығып, қалған өмірімді үйде өткіземін деп шештім. Мен демалып, тынышталып, қалғып кеткенімді байқамай да қалыппын. Тұрғаннан соң, қарнымның ашқанын сезіп, дәмді тамақ әзерлеп, ішіп алдым. Мен енді ешнәрсеге уайымдамайын болдым. Бір айдан кейін салмақ жинадым. Тағы бір ай өткеннен соң табылған кез келген жұмысқа кіріп, барлық уақытымды тек жұмысқа арнадым. Енді мен уайымға бой алдырмау керектігін ұқтым. Жылдарды артқа тастап, бүгінде мен табысты кәсіпкерге айналдым. 

Келесі әңгіме.

Жалғыздық пен кедейшіліктен шаршаған бір әйелді өзін өлтіргісі келетіндігі жайлы ойлар жиі мазалайтын. Ауырып қалған жағдайда керекті дәрі-дәрмектерді алуға ақшасы жетпей қалатындығын ойлап қатты уайымдайтын. Өмірді ары қарай жалғастыруына оны қатты жақсы көретін әпкесі ғана күш беретін. Күндердің күнінде «Дана адам үшін оның әр күні жаңа өмір басталады» деген жолдары бар мақала оның қолына түседі. Бұл цитатаны жазып алып, үйінің көрінетін жеріне іліп қояды. Ол бір күніңді уайымға берілмей, назарын жұмысқа аудару біз ойлағандай қиын еместігін аңғарады.  Болмашы дүниеге көңіл-күйін түсірмей, уайымдамай, жалғыздық және ақшасыз қаламын деген қорқыныш сезімдерден аулақ бола бастады. Ол жіберген қателіктері үшін өзін және өмірінде оған жамандық жасаған адамдарды кешірді. Болшағы үшін алаңдауды қойды. Енді ол жамандықтың барлығы уайымға берілуден басталатынын түсінді. Бүгінде ол табысты әрі бай әйелге айналды. Адамның ең басты қателігі  – өмірден бас тарту. Басым көпшілігі өмірдің бір-ақ рет берілетіндігін, бүгінгі күніңе ризашылық білдіру маңызын, барынша ісіңді осы күні бітіруге тырысу керектігін кеш түсінеді, басқалары, тіпті, оны аңғармай да жатады. Әдетте балалар өскенде үлкен жетістіктерге жетемін деп жатады. Бой жеткеннен соң үйленгеннен кейін мен былай істеймін, үйленген кезде зейнетке шыққандам бірталай нәрсені тындырамын деп айтып жатады. Ал зейнетке шыққаннан кейін көп нәрсені өткізіп алғандығын мойындайды. Бүгінгі күннің статистикалық мәліметтеріне назар аударсақ: адамның 5 пайызы 70 жасында қалталы болып, денсаулығын да бір қалыпта ұстайды. 70 пайызы зейнетақын немесе жәрдемақын күтіп, денсаулығы болса нашарлай түседі. Ал қалған 25 пайызы өмірден озғандар. Бірақ,өмірге барлығы бірдей болып келеді ғой. Француз философы Монтел: «Менің өмірім орын алмаған көптеген сәтсіздіктерге толы» - деген. Сіздің өміріңіз жайлы да осылай айтуға болады. Сіз бұрында жасаған қателіктеріне және болмаған нәрсе үшін уаймдайсыз. Осылайша, біз, қолымызда барды қанағат етпейміз. Бір күнде қанша жақсылық жасап, жағымды іспнй айналысып, содан ләззат алуға да болады. Қызметкерлер саны 500-ден асатын үлкен кемелер, лайнерлер бар. Теңізге шыққаннан кейін капитан күндіз кеменің барлық бөліктерін блоктарға бөлетін батырманы басады. Яғни, асхана, механикалық бөлік т.б. Нақтырақ айтқанда қызметкерлер ары-бері тектен тек жүре алмайды. Әрқайсысы жұмыс уақытын аяқталғанға дейін өз қызметімен айналысады. Өмірде де дәл солай. Бір батырманы басып, уайым-қайғыны ұмытып, бүгінгі күнмен өмір сүруіңіз керек. Адамның ойына бір күнде мыңдаған ой келеді. Оның 80 пайызы түкке керексіз ойлар. Бірақ, бір сәтте позитивті ойласаңыз күніңіз де жақсылыққа толы болады. Біз «алтын» ғасырда өмір сүреміз. Біздің мүмкіндіктеріміз шексіз. Ақсақалдар айтқандай: «Заман кімге қиын? Заман жалқауға қиын». Америка өнеркәсібі көп мемлекет болып есептеледі. Оларда 5 миллион миллионер, 300 миллардер бар. Басым бөлігі эмигранттар. Олардың жетістікке жетуінің біа ғана құпиясы бар – олар жаман ойлардан арылып, қайғыға батпай, тыныш өмір сүреді. Менің ойымша олар бақытты жандар. Себебі, өзін-өзі дамытуға арналған және адамды қалай дұрыс өмір сүру керектігін үйрететін, ақша табудың қыр-сырын ашатын түрлі курстар ашылып, мектептер болса екі ғасырға тарта уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда дамыған ірі қалаларда да мұндай курстар бар. Бірақ, өз бетінше білім алуға да мүмкіндік жоқ емес. Кез келгеніміз өмір сүру оңай еместігін, оның ақ пен қарадан тұрып, жамандық пен жақсылықтың қатар жүретіндігін есте сақтағанымыз абзал. Қорыта келе мынаны айтқым келеді: бастысы – кез келген қиындыққа төтеп беріп, одан шыға білуді үйренуіміз керек. Ал сол қиындықтарға моймасақ, нәтижесінде бақытқа кенеліп, керемет өмір сүреміз. Бақыттың кілті-осы.

                                                                                                                                      Б.Қ.Тасқанбаева

1
1967
0