Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
10:50, 20 марта 2018

Өмір өзі, қилы жолдар... (Аудио өлең)

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Дмитрий Метлицкий

Бейнематериал авторы – Набиева Айбегим

 Жамгырбек кызы Айдай

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889 

Инстаграмм – aikosmuz

Өмір өзі, қилы жолдар,

Шатпақ-шұтпақ тағдырлар.

Барма екен, ақыл айтар,

Сары мұңды, тоқтатар.

Сұрамастан зырылдаған,

Күндерімді, қайтейін.

Сан ойлардан, шығартпаған,

Көңілімді, қайтейін.

Сыбырлаған, еске салып,

Самал желді, қайтейін.

Ұмытылмас, дертке салып,

Тұрған ойды, қайтейін.

Айлы түндер, ұйықтамаған,

Бұл жалынды, қайтейін.

Еске салып, мазалаған,

Бұл аңсарды, қайтейін.

Жұлдыз болып, жымыңдап,

Тұрғандайсың алыстан.

Сол аспаннан, қалқалап,

Тұрғандайсың жаманнан.

Бұл тағдырды, қайтейін,

Бос орныңды сипатқан.

Қилы жолды, қайтейін,

Алыс сапар сыйлаған.

1
879
0