Не тыңдаймыз. . .

terry09 2010 M10 12
918
1
0
0

Қандай музыканы тыңдау, кімге жанкүйер болу мәселесі мен үшін қашанда өзектілер қатарынан табылған емес еді. Дегенменен бұл жайлы өз ойларыммен бөліскім келіп еді.   Отандық өндіріс. Отандық яғни...

Қандай музыканы тыңдау, кімге жанкүйер болу мәселесі мен үшін қашанда өзектілер қатарынан табылған емес еді. Дегенменен бұл жайлы өз ойларыммен бөліскім келіп еді.

 

Отандық өндіріс. Отандық яғни "қазақстандық", я болмаса қазақ эстрадасы еліктіріп, қызықтыра алмады. Тек Құрмаштың бір "Аңсағаным" деген әні болмаса, басқа жүректен орын тауып, елең еткен ән болмады.

 

ТМД өнімдері. Ресей және басқа да бұрыңғы Кеңес елдерінде де көңіл қонымды өнім кездестірмедім. 90-шы жылдардағы Ресей эстрадасында бір еске қалған өлең Маликовтың "До завтра"-сы.

 

Алыс және жақын шетел. Әрине жастық шақты еске салып, "көз жасын көл қылатындар" ICE MC, E-Rotic, Maxx, Fun Factory және т.б. Еуропа, атап айтқанда Германия, Швеция елдерінен шыққан нағыз europop жұлдыздары. Сол әуендер сонау 90-шы жылдары би кештерінде шабыттанып, шаш жайып тұрып бидің түр-түріне бөлегендері еді. Әлі де осы әуендерді естісем, мектеп жылдары еске келіп тұрады. Тамаша сезімдер.

Қазір негізінен интернеттегі радио тыңдаймын жұмыста. Discohouse, vocal trance, garagefm осыларды негізінен тыңдаймын.

Соңғы кезде 80 жылдарда АҚШ-та танымал болған дисконы тыңдауды әдет қылдым. Қызық болғаны, 80 жылдардың  freestyl-дары бізде кең тарамаған болып шықты. Бізде танымалдары Euro disco жұлдыздары (Modern Talking және т.б.). Ал Cinthya, Stevie B, TLK дегендер б3зде танымал емес. Оларды негізінен disco бағытында музыкалық компиляциялар жасайтын DJ-лерден естуге болады.

жағдай осы.

ал сіздер ше ?

Оцените пост

0

Комментарии

0
Sky fm интернет - радио тыңдаймын fm.kiwi.kz
Показать комментарии
Дальше