Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:46, 20 ноября 2017

Халықтың сүйіктісі

Құрметті отандастар!
Біріншіден, халыққа еңбек сіңіріп жүрген нағыз Ұлт патриоттарының еңбектерін бағалау үшін, "Халықтың сүйіктісі-2017" Ұлттық премиясын жариялап отырған бауырымыз, Ғалым Байтоққа үлкен алғысымызды білдіреміз!
Әрине, бұл атаққа, ұсынылып отырған азаматтардың бәрі лайықты. Дегенмен, премия әр номинация бойынша біреу ғана болғандықтан, атақ ердің-еріне ғана берілуі керек.
Сондықтан, жазушы, академик, белгілі қоғам қайраткері Сәдібек Түгелге дауыс беруге шақырамыз!!!
Себебі, ол нағыз Ұлт жанашыры! Ұлт мүддесі үшін барын ортаға салып жүрген азамат. Басқа еңбектерін атамаған күнде,1997-98 жылдардағы еліміздегі экономикалық дағдарысқа қарамастан, халықтың болашағын ойлаған азаматтар, Сәкеңнің басшылығымен ат спорты (Ұлттық спорт) федерациясын құрып, халықаралық деңгейге котерді. Осы тақырыпқа байланысты шығарған кітаптары (Қайдасың қазағымның қазанаты, Қазанат, Бүркіт - Ұлы даланың символы, т.б.) бүгінгі күні халық мақтанышы. Ал, 2009 жылы, кезекті қаржы дағдарысына қарамастан, батыр бабаларымыздың ат жалында жүріп қорғаған Сарыарқа төсіне, аты аңызға айналған қазақ тұлпарының символы, "Құлагерге" ескерткіш орнатуы - нағыз ерлік. Оның істері "Халық қаһарманы" атағына лайық. Ал, халықтың қалауымен, Халықтың сүйіктісі болу, Сәдібек Түгелдің еңбегіне нағыз лайық баға.
Сондықтан, "Халықтың сүйіктісі-2017" Ұлттық премиясын Сәдібек Түгелге беруге бірауыздан дауыс беруге шақырамыз!!!
Дауыс беру үшін
1. Осы топқа кіріп қосыласыз. https://www.facebook.com/groups/lubimec/?hc_ref=ARTvB274sQvdUL9To-ElY6moWtWyirZ7C2M6AbxrHILSylrHiLE7THbOEVIKk_qmXYc&pnref=story
2. Сізді топқа қосқанан кейін мына сілтеме арқылы дауыс бересіз https://m.facebook.com/questions.php

0
580
0