Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:56, 17 ноября 2017

Мобильді топтың кезекті кездесуі

2017 жылдың 17 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобының мүшелері «Облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің», «Облыстық бокстан балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің», «Облыстық балалар-жасөспірімдер теннис спорт мектебінің», «Облыстық ұлттық спорты түрлерінен балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің» және «Облыстық авиация спорты бойынша балалар-жасөспірімдер спорт техникалық мектебініңұжымымен кезекті кездесуін өткізді.

Мобильді топ мүшелері шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алудың маңыздылығы жөнінде түсіндірді.

 
0
326
0