Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:02, 16 ноября 2017

Азаматтық қоғамның белсенділігі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың басты кепілі

Қазақстан Республикасының Президентімен 2014 жылдың 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясында көрсетілгендей, сыбайлас жемқорлықтың тиімді әрі жүйелі алдын алудың басты шарты билік органдарының қоғам алдындағы есептілігі мен бақылауы, сот төрелігінің тәуелсіздігі мен әділдігі, мазмұндалуы анық және қолданысқа жеңіл заңнама, мемлекеттің кадр саясатындағы меритократия, мемлекеттік рәсімдердің ашықтығы мен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік деп танылуды.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік аппараттыңқызметіне азаматтық бақылау қамтамасыз ету үшін құқықтық және институционалды негіз қалыптасты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерінде азаматтық қоғам институттарының рөлі жандандырылып күшейтілді. Тек мемлекет пен қоғамның әріптестігі ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың басты кепілі болмақ.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органнан бөлек, өзге де мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субьектілері, қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалар жататындығы алғаш рет белгіленді.

Заңмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі белгіленді. Аталған шараларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру және сақтау, мүдделер қақтығысын болғызбау және шешу, кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары және т.б. жатады.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолында қоғамның қолдау маңыздылығын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің қызметінің барлық бағыттары бойынша облыстағы үкіметтік емес ұйымдармен тығыз әріптестік жолға қойылды.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында облыста жүргізіліп жатырған ауқымды жұмыстардың шеңберінде Департамент жанынан «Парасыз болашаққа. Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы құрылып, оның құрамына қоғам өкілдері, облыстың абыройлы адамдары, мәдениет, спорт, этно-мәдени бірлестіктерінің өкілдері енді.

Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап 250-ден астам кездесулер ұйымдастырылып, оған 18 мыңнан астам адам қатысып, 660 түрлі еңбек ұжымдары қамтылды. Дәл осындай мобильді топтар облыстың барлық аудандарында құрылып, қазіргі таңда өз жұмыстарын атқаруда.

Агенттік пен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы әріптестік туралы келісімжол картасының шеңберінде бизнестің дамуы үшін маңызды 16 салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді.

Жол картасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудің, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын себептер мен шарттарын анықтау және жоюдың маңызды құралы болып табылады.

Аймақтық кәсіпкерлер палатасымен тығыз қарым-қатынастағы әріптестік негізінде Департаментпен салықтық әкімшіліктендіру саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді. Талдау қорытындылары Ұлттық палата алаңында Парламент депутаттары және үкіметтік емес ұйымдармен талқыланды.

Азаматтық қоғамның маңызды институттарының бірі саяси партиялар. Бұл бағытта Департамент пен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалымен белсенді әріптестік жүзеге асырылып келеді.

Жол картасы жүзеге асыру мақсатында Агенттік пен партия, Департамент пен партияның облыстық филиалымен бірлесе халықты әлеуметтік қорғау саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді.

Талдау қорытындысы бойынша Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің қызметтерінде сыбайлас жемқорлық қатерлерін жою бойынша іс-шаралар жоспары жасақталып жүзеге асырылуда.

Қазіргі уақытта кәсіподақ ұйымдарымен бірлесе мәдениет, спорт және ақпарат салаларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілуде.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда Қазақстан Халқы Ассамблеясы маңызды рөлге ие. Бұл бағытта Департамент пен Ассамблея арасында іс-шаралар жоспары бекітілді.

Жоспар шеңберінде семинарлар, облыстық Ассамблеяның қоғамдық келісім Кеңесінің кеңейтілген отырысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта акциялар мен театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылды.

Мемлекеттік қызметшілердің жұмысының басты көрсеткіштерінің бірі – халықтың мемлекеттен көрсетілген қызметтердің сапалылығымен қанағаттану деңгейі болып табылады. Департамент пен «Ақжол» шағын және орта бизнесті қолдау қауымдастығымен бірлесе әлеуметтік маңызды мемлекеттен көрсетілетін қызметтерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бар екеніне қоғамдық аудит жүргізілуде.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың мамыр мен тамыз айлары аралығында Қауымдастықтың қатысуымен қоғамдық бақылау шеңберінде «Жасырын сатып алу» әдісіменарыз-шағымдарды қабылдау және көрсетілген қызметтердің қорытындысын беруді жүзеге асыратын 40 мекеме инспекцияланды. Қоғамдық бақылау қорытындысы бойынша бұзушылықтардың көптеген фактілері анықталды. Аталған жоба мемлекеттен қызметтерді көрсету кезінде бұзушылықтарды жедел жоюда өзінің тиімділігін көрсетті. Бұл тәжірибе өз жалғасын таба бермек.

Агенттік пен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталық» республикалық қоғамдық ұйымымен бірлесе «Жолдарда сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету бойынша он қадам» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба шеңберіндеқызметтік автокөліктерді қызметтен тыс уақытта жеке мақсатта пайдалану фактілерін анықтау бойынша жол патрульдік полициясы қызметкерлері мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен рейдтер өткізіледі. Қызметтен тыс уақытта қызметтік автокөлікті пайдалану бойынша облыста анықталған 7 фактінің негізінде кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

«Азаматтық бақылау» жобасы сәтті жүзеге асырылуда. Жоба аясында «Ақжол» қауымдастығымен салық, кеден, құқыққорғау және сот органдарында, денсаулық сақтау және мемлекеттік сатып алу салаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар өткізілді.

Қоғамдық қабылдау ашылып, оған облыстың 30 тұрғыны мемлекеттік органдармен әрекеттесу мәселелері бойынша қабылдауда болды.

Облыстық Азаматтық Альянсының бастамасымен цифровизациялау арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттен көрсетілетін қызметтердің электронды форматқа көшу мәселелерін қамтыған «Цифрлі Қазақстан – есепті мемлекеттің кепілі» тақырыбында«Қазақстан-Орал» телеарнасының«Социум» бағдарламасында қозғалды.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша белсенді жұмысты «ЖАҢАРУ»жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыс» республикалық қоғамдық ұйымының Батыс Қазақстан облыстық филиалы, «Жас қанат», «Жас эколог», «Батыс-Қамқор» жастар қоғамдық ұйымдары және т.б. жүргізуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарының бірі – мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

Мемлекеттік қызметшілердің сатылмаушылығы және олардың қызметтерінің ашықтығы - сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың маңызды негізі.

Ағымдағы жылы «Б» корпусындағы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттау жүргізілді. Аттестаттауды өткізудің форматы бұрынғылармен салыстырғанда принципті ерекшеліктері бар. Сонымен, облыстағы аттестаттау комиссиясының құрамының жартысы мәслихат депутаттары, ғылыми, академиялық орта, қоғамдық ұйымдар өкілдері.

Соның нәтижесінде, мемлекеттік қызметшілердің өз қызметтеріне сәйкестігін тек қана мемлекеттік органдардың басшылары ғана емес, қоғам өкілдері де баға берді.

Аттестаттауды өткізудің бұл форматы қабылданған шешімдердің шынайылығын, әділдігін және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауды қамтамасыз етеді.

Кәсіби аппарат қалыптастырудың маңызды кезеңінің бірі – меритократия принципіне негізделген мемлекеттік қызметке үміткерлерді алудың әділдігі мен транспаренттігі болып табылады.

Бұл бағытта конкурстық іріктеудің мөлдірлігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бізбен мемлекеттік органдардың конкурстық комиссиясының жұмысына бақылаушылар ретінде қоғам өкілдерін кеңінен тарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне тәжірибелік және оқыту семинарлары өткізіліп, әңгімелесу кезінде назарға алынуға тиісті мәселелер, құқықтары мен мүмкіндіктері жазылған арнайы жадынамалар жасалды. Қоғам ұйымдары өкілдерінің белсенділерінен құралған бақылаушылар пулы құрылды. Тұрақты жаңартылып тұратын тізім барлық мемлекеттік органдарға жолданды. Ағымдағы тоқсанда біз облыстағы барлық аудандарда дәл осындай пулдарды құруға кірісіп кеттік. Бүгінгі күні облыстағы мемлекеттік органдардың конкурстық комиссиясының жұмысы қатысқандардың төрттен үші қоғам өкілдері.

Мемлекет басшысымен айқын міндеттер қойылды: қоғамды белсенді қатыстыру арқылы сыбайлас жемқорлық себептерін анықтау және оны жою бойынша жұмыстарды күшейту. Бұл міндеттердің сәтті шешілуі сыбайлас жемқорлықтан және тамыр-таныстықтан тәуелсіз, еліміздің болашағына жаны ашитын барлығымыз үшін маңызды.

     

Исақов Болат Әлмұханұлы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы,

Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

       
0
1687
0