Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
07:29, 14 ноября 2017

Қалалық радио тыңдармандарына сыбайлас жемқорлық салдары жөнінде айтылды

2017 жылдың 14 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин қалалық «Талап» радиосының «Актуалды сұхбат» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты.

Бағдарлама барысында Б.М.Хайруллин қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және профилактикалық шаралар бойынша атқарылып жатырған жұмыстар жөнінде айтты.

Өз кезегінде, радиотыңдаушылар өздерін толғандыратын мәселелер бойынша сұрақтар қойып, бағдарлама қонағы оларға нақты жауаптар берді.

       
0
407
0