Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:53, 14 ноября 2017

Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өткізілді

2017 жылдың 14 қарашасында өткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмысының қорытындылары, мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмыс нәтижелері, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындылары, сондай ақ Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары мен Орал қаласының білім беру бөліміның басшысына қатысты тәртіптік істері қаралады.

Алдымен, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы мәселелері бойынша Жаңақала және Тасқала ауданы әкімі аппараттарымен атқарылған жұмыс қорытындылары қаралып, нәтижесі бойынша Кеңес тарапынан аталмыш аудан әкімдеріне: сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде іске асыру бойынша ұсыныстар жолдау туралы шешімдер қабылданды.

Әрі қарай Кеңес отырысында Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі, Облыстық қазақ драма театры мен А.Н.Островский атындағы драма театры қызметтерінде уәкілетті орган тарапынан жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау қорытындылары қаралып, оның нәтижесі бойынша аталған мемлекеттік орган мен ұйым басшыларына ішкі талдау жүргізу жұмыстарын қолға алу және оның сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар беру туралы шешім қабылданды.

Бұдан басқа Кеңес отырысында облыс аймағындағы мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен 2017 жылдың 9 айында атқарған жұмыс нәтижелеріне уәкілетті органмен жүргізілген талдау қорытындылары қаралып, отырыс барысында, Батыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті,  Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі және Теректі ауданы бойынша бірыңғай тәртіптік комиссиялары тарапынан мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істерді қарау кезінде, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдануға қатысты қағиданың кейбір талаптары сақталмайтындары аталды.

Мәселені қарау қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесімен, аталған мемлекеттік орган басшыларына Қағидада көзделген талаптарды қатаң сақтау және тәртіптік комиссия жұмысын тиісті деңгейде ұйымдастыру жөнінде ұсыныс жолдау туралы шешім қабылдады.

Соңында, Орал қаласының білім беру бөлімінің лауазымды тұлғаларымен, осы Бөлім басшысы Жанслу Туремуратованың ауызша нұсқамасы негізінде мектеп ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігерден демеушілік көмек ретінде ақша алу мәселесі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен жолданған ұсынысы негізінде, соңғының тәртіптік ісі қаралып, нәтижесінде аталған лауазымды тұлғаның кінәсін дәлелдейтін негіздердің жеткіліксіз болуына байланысты, тәртіптік іс қысқартылды.

 
0
351
0