Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
20:22, 17 октября 2017

Шаш ал

«Шаш  ал  десе, бас  алуға»  жол  бермейік.

Бүгінде  тарихы,  тілі, мәдениеті,  салт-дәстүрі  бір Орталық  Азия  халықтары  жеке-жеке  мемлекет  болып  отыр.  Барыс - келіс,   сауда-саттық  бауырлас  елдердің арасындағы  қан  тамыры іспеттес. Дүниежүзілік  Мұхиттан  алшақ  жатқан   елдерге  өзара  ықпалдастық  ауадай  қажет.

Ел  болғасын  арандатушылар   да,  арзан  абырой  іздеген  ағаш  ауыз  саясаткерлер  де  табылады. Ит  үре  береді, көш  жүре  береді.

Соңғы  кездегі қазақ-қырғыз  шекарасындағы  тексерулер,  дау-дамай  бізді  өте  алаңдатады.  «Фито- санитарлық   және  ветеринарлық  бақылауды  күшейту»  желеуі  «Үлкен  Ағаларымыздың» бұрынғы  вассалдарын  жазалайтын  ескі саяси технология  ғой. Бұның  зардабын  біз  де  көріп  жүрміз. Жағымпаздарға  «шаш  ал  десе, бас  алуға»  жол  бермейік. Шағын  бизнестің  тамырына  балта  шаппайық. Тірнектеп  жинаған  абыройымызды  дүниежүзілік  қауымдастықтың  алдында  түсірмейік. «Битке  өкпелеп  ішігіңді  отқа  салма»  дейді  данышпан  халқымыз.

Амангелді  Елтін, зейнеткер.  Павлодар  қ.

   
1
408
7