Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
4
00:27, 15 октября 2017

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК

Blog post image

Егер мен туралы ойларыңыз жинақталып, нақтыланған болса, онда оңай әрі үйреншікті жолды іздемейтінімді түсінген боларсыздар. Қазақстандық нарықта ешкіммен жасалмаған жаңа жоба бастар алдында жүрегім тез соғып, дем алысым жиілейді. Осындай жаңа өнімдерді іздеу барысында бірнеше жыл бұрын беймәлім ғылыми ізденістерге жол ашылды. Ол жерде басқа қарқын, басқа көзқарас және басқа табыс табу жолдары бар. Ғалымдармен тіл табысқан соң түсінгенім: мен үшін қиын әрі түсініксіз жағдайлар олар үшін оңай әрі жеңіл және керісінше. Олар жаңа өнімді қалай шығаруды білсе, онымен кейін не істерлерін білмейді, ал мен үшін ойлап табу мен сынақтар жүргізу қиындық туғызса, бірақ сату жағынан мықтымын.

Нәтижесі белгілі болып тұрған сияқты, келісесіздер ме? Бірігіп нарықты жаулап алу керек.
Осылай гидропонды құрылғылар идеясы пайда болды. Тек бір жобамен шектеліп қалу ақылсыздық болушы еді, сондықтан мемлекеттің ғылыми әлеуетін зерттеуді бастадым. Ғалымдармен араласқан сайын, шындықтан, өмірден алшақ екендерін түсіндім. Олар өз әлемімен өмір сүреді, көктен түскендей болады, өмір тек әйел және еркекке ғана бөлінетіндей көрінеді (қазақстандық ғалым Азамат Байтасовтың бұлттардың жыныс белгілері болжамы) және нарық сұранысын түсінбейді.
Батыста бизнес пен ғылым бірлескен қалыпта жүреді. Лайықты ғылыми жасаулар тез арада коммерцияланады. Қазақстандық ғалымдарды сынау да дұрыс емес, себебі қозғалыстары заң деңгейінде бөгеледі. Отандық ЖОО аясында коммерциялық кәсіпорын ашуға тыйым салынған, яғни, шығарылған өнімдерді сатуға олардың құқықтары жоқ.
Қазақстанда талантты ғалымдар өте көп, олардың негізгі проблемалары – өз жобаларын шығаруға, сынап көруге және әрі қарай жылжуына қаражаттың болмауы. Тек санаулысы ғана инвесторларға жүгінеді, ал көбісі идеяларын ұрлап, нарыққа өз бетімен алып шығады деген ойдан қорқады. Қауіп әрқашан болады, оны азайту үшін бизнес-секторда сенімді адамды табу керек. Мен мемлекетіміздің ғылыми нарығын белсенді түрде зерттеп жүрмін, сондықтан көмек керек болса, маған жүгінулеріңізге болады. Менің айналамда ғылымды қажет ететін кәсіппен шұғылдануды қалайтын кәсіпкерлер бар. Әлемде бұл жоғары маржиналды болып табылады, бұндай өнімнің өзіндік құнын есептеп шығару қиынға соғады, ал адамдар үшін құндылығы кремет. Бірақ барлық кәсіпкерлер бұны түсіне бермейді, фантазияны керек етпейтін «алып-сату» екі сатылы сызбамен ғана жұмыс жасауды қалайды. Мен дайындаған Жаңа жасыл технологиялар жобасының негізіндегі кәсібімнің кіріс әкелуіне тек бір жыл ғана кетті деп айта аламын.
Еліміздің ғылыми әлеуеті өте жоғары, ал оның дамуы үшін тек ғалымдар мен кәсіпкерлер бір-бірімен кездесіп, түсіністікке келуі ғана жеткілікті.

http://www.businessman.kz/
4
667
1