Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:58, 11 октября 2017

Ақжар ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесуі өтті

Blog post image

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Департаменті басшысы Ғ.Тұрсынбаевтың облыс аудандардың тұрғындарымен кездесулері жалғасуда.

А.ж. 11 қазан күні Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілеті Д.Тайшабай қатысуымен Ақжар ауданы қызметшілерімен кездесуі өтті.

Blog post image

Кездесуде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы өзекті ақпаратты орналастыру бойынша ұсыныстар берілді, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің сыртқы көрінісіне және киіміне талаптары жеткізілді.

Іс-шара қатысушыларына тестілеуден өту, конкурс өткізу тәртібі, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптары туралы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың өзгерістері түсіндірілді.

Blog post image

Өткізілген кездесу барысында Департамент басшысы жиналғандарды мемлекеттік қызметшілерді оқыту, мемлекеттік органдардағы ауысушылығы, мемлекеттік қызметтерді көрсету, конкурстарды өткізу бағыттары бойынша ауданның нәтижелерімен таныстырды. Сонымен қатар Ақжар ауданның тәртіптік комиссиясының жұмысына назар аударылды.

Кездесу барысында қойылған барлық сауалдарға тиісті жауаптар мен түсіндірмелер берілді.

 
0
337
2