Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:49, 21 сентября 2017

«Жемқорлық – кері әлеуметтік құбылыс ретінде. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ойларын қалыптастыру»

2017 жылдың 20 қыркүйек күні «КазИИТУ» ҒБК «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық «ЖАҢАРУ» қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жемқорлық – кері әлеуметтік құбылыс ретінде. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ойларын қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті.

Семинарда ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспарының жобасы», заң ғылымдарының докторы, профессор Р.С.Байниязов «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері», «БҚО Азаматтық Альянсы» қауымдастығы ЗТБ президенті А.С.Туркина «Азаматтық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аспектілері», «КазИИТУ» ҒБК құқықтық зерттеу институты директоры, заң ғылымдарының кандидаты Б.К.Чингаева «Жемқорлық – кері әлеуметтік құбылыс ретінде және онымен күресу жолдары», Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинетінің меңгерушісі Т.М.Италиева «Медиация және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыптарында баяндамалар жасады.

Семинар барысында «ҚР мемлекеттік қызмет туралы» және «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының нормалары түсіндірілді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы бейнероликтер мен слайдтар көрсетілді.

Шара соңында қатысушылар пікір-алмасып, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Семинар қорытындысы бойынша ынтымақтастықта жұмысты жалғастыру және талдап жасалған материалдарды тәжірибеде қолдану жөнінде шешім қабылданды.

 
0
1045
0