Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:34, 13 сентября 2017

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСІНІҢ ІІ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ

2017 жылдың 11 қыркүйекте Достық үйінде Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің ІІ кеңейтілген отырысы оздырылды.

Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Жұбаныш, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ғ.Қапақов, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары, аудан әкімдерінің орынбасарлары мен этномәдени орталықтардың төрағалары мен мүшелері және Аналар және ақсақалдар кеңесінің өкілдері қатысты.

Отырыс жұмысы барысында «Діни экстремизмге қарсы іс-әрекет ету және діни ахуалды қоғамдық бақылаудағы Қоғамдық келісім кеңестерінің рөлі туралы», «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жұмыстарындағы Қоғамдық келісім кеңестерінің рөлі туралы», «Туған жер» жобасын жүзеге асыру бойынша облыста жүргізілетін өлкетану жұмыстары туралы», «Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясындағы мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшуі» тақырыптарында баяндамалар тыңдалды.

Департамент басшысының орынбасары А.Жұбаныш өз  баяндамасында шараға қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жобасымен таныстырды.

Шара соңында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағаларына куәліктер табыс етілді.

 
0
503
0