Мобильді топтың кезекті кездесуі

anticorruptionZKO 2017 M09 12
36
0
0
0

2017 жылдың 11 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз...

2017 жылдың 11 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелері М.Өтемісов атындағы БҚМУ жаратылыстану-география факультетінің студенттерімен кезекті кездесуін өткізді.

Шараға Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Р.Мұратов қатысып, қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алудың маңыздылығы жөнінде түсіндірді.

Кездесу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейне роликтер көрсетілді.

 

Оцените пост

0
Дальше