Жұмыссыздар мен жоғары оқу орындарының түлектеріне мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасудың және құқық қорғау органдарына алғаш түсушілерді іріктеудің кейбір мәселелері түсіндірілді

anticorruptionZKO 2017 M09 11
43
0
0
0

2017 жылдың 7 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Тасқала ауданының жұмыспен қамту және...

2017 жылдың 7 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Тасқала ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз азаматтармен кездесу өткізді.

Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Н.Ильясов қатысушыларға мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына сай  мемлекеттік әкімшілік қызметке және құқыққорғау қызметіне алғаш түсушілерді іріктеу ерекшелігін нақты түсіндірді.

Кездесу барысында қатысушыларға мемлекеттік әкімшілік қызметке және құқық қорғау қызметіне алғаш түсуші үміткерлерге арналған  ақпараттық –түсіндірмелік жадынамалар мен буклеттер таратылды.

   

Оцените пост

0