Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:51, 09 сентября 2017

«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС–ӘР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ МІНДЕТІ»

2017 жылдың 08 қыркүйекте «Сыбайлас жемқорлықпен күрес–әр мемлекеттік қызметшінің міндеті» атты семинар-кеңес өтті.

Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департамент басшысының орынбасары Ж.Абдрахманов, Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының, облыс әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясы БҚОФ-ның өкілдері және облыстық басқармалардың қызметкерлері қатысты.

Семинар-кеңестің жұмысы барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құрылыс, энергетика және ТҮКШ салаларындағы жағдайы», «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша атқарылған жұмыстар туралы» және «Нұр Отан партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы туралы»тақырыптарында баяндамалар тыңдалды.

Семинар шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейне роликтер көрсетіліп, қатысушыларөз ұсыныс-пікірлерімен алмасты.

 
0
386
0