Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі көрсеткішін жақсарту

Малика Димухамедова August 31, 2017
250
0
0
0

Позициялардың айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, Қазақстанның бәсекелес артықшылықтарына еңбек нарығының тиімділігі жатады - 20 орын (2015 жылы - 18).

Дүниежүзілік экономикалық форумның 2016 - 2017 Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде (ЖБИ) бағаланатын елдер саны 138-ді құрады (өткен жылы – 140) ЖБИ 114 көрсеткіш негізінде есептеледі, оның 34-і статистикалық деректер,ал қалғаны орта және ірі кәсіпорындар басшыларының бағалаулары бойынша есептеледі.114 көрсеткіштен экономикалық дамудың түрлі деңгейдерінде орналасатын әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігін егжей-тегжейлі сипаттайтын 12 бәсекеге қабілеттілік факторы шығарылады.

Позициялардың айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, Қазақстанның бәсекелес артықшылықтарына еңбек нарығының тиімділігі жатады – 20 орын (2015 жылы - 18).

Экономикалық дағдарыстың әсері макроэкономикалық ортаның көрсеткішіне ықпал етті – 69-орын (2015 жылы – 25). Есепте Қазақстан позицияларының төмендеуі экспорттық мұнай табыстарының төмендеуімен байланысты мемлекеттік қаржы жағдайының нашарлау нәтижесі болып табылатыны көрсетіліп кеткен.
ДЭФ бағалауына сәйкес, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі институттар – 49-орын (2015 - 50), инфрақұрылым – 63 (2015 - 58), жоғары білім және кәсіби дайындық – 57 (2015 - 60), тауарлар нарығының тиімділігі – 62 (2015 - 49) сияқты факторлар бойынша орташа деңгейде орналасқан. Технологиялық дайындық – 56 (2015 – 61) және нарық мөлшері – 45 (2015 – 46) көрсеткіштерінің жақсаруы байқалады.
Қазақстанның денсаулық сақтау және бастауыш білім (94, 2015 – 93), қаржы нарығын дамыту (104, 2015 – 91), компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі (97, 2015 – 79) сияқты факторлары әлсіз позициялар болып отыр. Инновациялар көрсеткіші бойынша (59, 2015 – 72) ағымдағы жыл рейтингісінде айтарлықтай жақсару байқалады.
Ең жоғары өсу келесі көрсеткіштер бойынша байқалды: Компаниялардың заманауи технологияларды пайдалану қабілеті (90-орынға қарсы 71-орын), 100 адамға шаққандағы Интернет пайдаланушылары (62-орынға қарсы 41-орын), ғылыми-зерттеу ұйымдарының сапасы (81-орынға қарсы 63-орын), ҒЗТКЖ саласында университеттер мен бизнестің ынтымақтастығы (88-орынға қарсы 66-орын), мектептерде Интернетке қол жеткізу (41-орынға қарсы 29-орын).
Келесі көрсеткіштер бойынша нашарлау байқалады: мемлекеттік бюджет сальдосы (10-орынға қарсы 108-орын), венчурлық капиталға қолжетімділік (59-орынға қарсы 92-орын), қарыз қаражатын алу жеңілдігі (44-орынға қарсы 89-орын), ЖІІӨ-де экспорт үлесі (66-орынға қарсы 87-орын), салық салудың инвестицияларды ынталандыруға әсері (28 - орынға қарсы 57-орын), сауда кедергілерінің мөлшері (45-орынға қарсы 67-орын).

Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің келесі көрсеткіштері жоғары бағаланған: ересек халықтың арасында АИТВ таралуы (1-орын), ұялы байланыс абоненттерінің саны (4-орын), мемлекеттік борыш (17-орын), темір жол инфрақұрылымының сапасы (26), бастауыш біліммен қамту (21), бизнесті ашуға кететін күндер саны (26), бизнесті ашуға қажетті рәсімдер саны (22).
Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде Ресей 43-орынға (2015 жылы - 45), Тәжкстан 77-орынға (80), Украина 85-орынға (79), Қырғызстан 111-орынға (102), Армения 79-орынға (82) ие.

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (The Global Competitiveness Index) – жаһандық зерттеулер және әлем елдерінің экономикалық бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші бойынша онымен қоса жүретін оның рейтингі. Жалпыға бірдей қол­же­тімді статистикалық мәліметтерге және компа­ния­лар басшыларының жаһандық сауалнама нәти­желеріне – Бүкіләлемдік экономикалық форум әріптес ұйымдар желілерімен – есепте талдау жасалатын елдердің жетекші зерттеу институттарымен және ұйымдармен бірлесіп өткізетін жыл сайынғы кең ауқымды зерттеулер комбинациясына негізделіп, Бүкіләлемдік экономикалық фо­рум­ның әдістемесіне есептелген.

ДЭФ БЖИ 119 көрсеткіштен құралады. Оның 34-і статистикалық мәліметтер қорытындысы бойынша, қалғаны еліміздің орта және ірі кәсіпорындары жетекшілеріне сауалдама жүргізу нәтижесі бойынша есептеледі. 119 көрсеткіш ішінен бәсекеге қабілетті 12 фактор анықталады:

Институттар сапасы

Инфрақұрылым

Макроэкономикалық тұрақтылық

Денсаулық және бастауыш білім

Жоғары білім және кәсіби даярлық

Қызметтер мен тауарлар нарығының тиімділігі

Еңбек нарығының тиімділігі

Қаржы нарығының дамуы

Технологиялық дамудың деңгейі

Ішкі нарық өлшемі

Компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі

Инновациялық әлеует (мүмкіндік)

Қазақстан 2012 жылдан бастап рейтингке экономикасы дамудың екінші кезеңінен үшінші кезеңіне(инновацияларға негізделген кезең) өткен ел ретінде қатысады.

Қазіргі уақытта Ұлттық экономика министрлігі ДЭФ БЖИ үйлестірушісі ретінде Дүниежүзілік экономикалық форумның 2016 жылға дейінгі(ҚР Үкіметі отырысының 2015 жылғы 21 сәуірдегі №18 хаттамасымен бекітілген) бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі көрсеткішін жақсарту бойынша шаралар жоспарын әзірледі.

Осы Шаралар жоспарындағы көрсеткіштерге жауапкершілік мемлекеттік органдар бекітілген (ұлттық экономика, даму және инвестициялар жөніндегі, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, әділет, ішкі істер, ауыл шаруашылығы, қаржы, білім және ғылым министрліктері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктері мен Ұлттық банкке құзырет бойынша бекітілген).

ҚР кәсіпкерлерінің «Атамекен» ұлттық палатасы ДЭФ БЖИ көрсеткіштері бойынша кәсіпкерлер арасында жүргізілетін жұмыстарды тұрақты түрде ақпараттық қолдаумен қамтамасыз етеді.

ҚР Әділет министрлігіне келетін болсақ: 119 көрсеткіштің 4 индикаторы бойынша жауапты орындаушы болса, 3 индикаторы бойынша қосымша жауапты болып табылады.

Жауапты орындаушы болып табылатын индикаторлар:

«Әкімшілік дауларды реттеуде заңнаманың тиімділігі» индикаторы

«Даулы мәселелерді шешуде заңнаманың тиімділігі» индикаторы

«Меншік құқығы» индикаторы

«Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторы

Қосымша жауапты орындаушы болып табылатын индикаторлар:

«Мемлекеттік органдармен қабылданатын шешімдерінің айқындығы» индикаторы

«Қоғамның саясатка сенімі» индикаторы

«Мемлекеттік қызметшілер шешімдеріндегі фаворитизм» индикаторы

 

Оцените пост

0