Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
07:57, 29 августа 2017

«КОНСТИТУЦИЯ ЖӘНЕ ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТТІ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ»

2017 жылдың 29 тамызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қолдауымен ҚР Конституциясы күніне арналған «Конституция және қоғам мен мемлекетті модернизациялау» тақырыбында конференция оздырылды.

Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Жұбаныш, Қазақстан инновациялық және телекомуникациялық жүйелер университетінің ректоры А.Әйтімов, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық «ЖАҢАРУ» қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі БҚО филиалының өкілі Ә.Баяхов  және облыстық басқармалардың өкілдері қатысты.

Конференция жұмысы барысында «Ата Заң және мемлекеттік қызмет», «ҚР Конституциясы – мемлекетіміздің басты заңы», «Конституция – құқықтарымыз бен бостандықтарымыздың кепілі», «Конституциялық реформалардың жүйелілігі мен дәйектілігі» және «Конституция – кемелдік пен келешектің кепілі» тақырыптарында баяндамалар тыңдалды.

Конференция шеңберінде ҚР Конституциясы күніне арналған бейне роликтер көрсетілді.

 
0
596
0