Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
07:36, 29 августа 2017

«АТА ЗАҢ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ КЕПІЛІ»

2017 жылдың 29 тамызда М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ата Заң – рухани жаңғырудың кепілі» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға Ұлы Отан соғысының ардагері – Қ.Сүйіншәлиев, М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры А.Иманғалиев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин және университет ұстаздары мен студенттері қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында «Ата Заң және мемлекеттік қызмет», «Конституция мемлекеттік құқықтық жүйенің негізі», «Конституция – Қазақстанның тұрақтылық пен гүлденуінің негізі» тақырыптарында баяндамалар тыңдалды.

Талқылау қорытындысы бойынша дөңгелек үстелдің қатысушылары мынадай ұсыныстар жасады:

  1. Қоғамды демократияландыруға бағытталған мемлекеттік органдарды ұйымдастыруды жетілдіру үдерісін жалғастыру;
  2. Конституциялық нормалар мен принциптерді түсіндіру туралы құқықтық ақпарат жүйесін әзірлеу;
  3. Қазіргі кезеңде әртүрлі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге, заңдарды әзірлеуге және оларды бақылауды жүзеге асыру, болашақта биліктің барлық салаларын үйлесімді және тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді, содай-ақ тиісті теңгерім мен қарама-қайшылықты жасауды қамтамасыз етеді.
 
0
569
0