Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
09:21, 25 августа 2017

Радиотыңдаушыларға мемлекеттік қызметке өту жөнінде түсіндірілді

2017 жылдың 25 тамызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы В.Н.Масимова облыстық радионың «Горизонты Казахстана» бағдарламасына сұхбат берді.

Бағдарламада мемлекеттік қызметке өту мен тестілеу мәселелері талқыланды.

Сұхбатында басқарма басшысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде Департаментпен атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталып өтті. Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан өтуі, тәлімгерлік және мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтар жөнінде айтты.

Бағдарлама қонағына радиотыңдаушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға нақты жауаптар берілді.

     
0
352
0